"Жомарт түлек" сценарийі » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

"Жомарт түлек" сценарийі

«Жомарт түлек » атты  түлектермен кездесу кеші сценарийі

  Түлектер аллеясы : Тал отырғызу

  Робототехника  кабинеті:  Дарынды оқушыларымыздың роботтарының

  Өткізілетін орны : Акт зал   

Жүргізуші: Құрметті қонақтар , қадірменді ұстаздар  мен оқушылар!

  Ағымдағы жылда  Облыс әкімі Сапарбаев  Бердібек Машбекұлының  бастамасымен өткен  түлектер форумы барлығымыздың жадымызда ерекше әсер қалдырғаны сөзсіз. Аталған форумға үн қосу мақсатында  әр ауданда , әр мектепте  «Жомарт түлек»  іс-шарасы жалғасын табуда.  Олай болса , бізде Абай орта мектебінің ұжымы  Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  « Рухани  жаңғыру   » бағдарламасы аясында «Жомарт түлек » атты   кездесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Бұл іс – шараның мақсаты: бүгінде еліміздің әр саласында, сондай-ақ  туып өскен туған жерімізде еңбек  етіп  жүрген азаматтардың   білім нәрін алған мектебінде болып жас ұрпақтарға  өмір жолын насихаттау.  Бұл күн   – мектеп тарихында естелік  болып қалары сөзсіз. Қазіргі таңда осы Абай орта мектебінен  түлеп ұшқан 215 тен астам  түлектер мектеп сайтына тіркелді.   Құрметті  түлектер , қадірменді қонақтар  бүгінгі  шақыруымызды қабыл алып келген ізгі қадамдарыңызға нұр жаусын. 

 Гимн

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі біздің «Жомарт түлек » кездесу кешіміздің  құрметті қонақтарымен таныс болыңыздар.

  1. Серғазиев  Самат Ауданбайұлы –
  2. Әбдіхалықов Даулет Қуанұлы-
  3. Садубаев Данияр Әділбекұлы -
  4. Боханова Айда Дүйсенбайқызы - Сарысу ауданы аудандық аурухана медицина қызметкері.
  5. Әбдіхалықов Қуаныш Әділбекұлы      - Сарысу ауданы «Каз пошта» директоры

6    Байділдаев Нұрлан                   -  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімі өнер мектебінің басшысы 

7  Бегалиев  Медет  - спорт мектебінің  бухгалтері

 

Тағы да қош келдіңіздер құрметті қонақтар!

 Сіздердің құрметтеріңізге би  «Шашу»  

 Жүргізуші: Бүгінгі кездесу кешіне мектебіміздің мақтаныштары, үздік оқушыларымыз ,  облыстық олимпиада жүлдегерлері,  санаулы уақыттарда түлеп ұшқалы тұрған 11 сынып оқушылары, мектепішілік «Оқуға құштар мектеп» байқауының  жүлдегерлері  және  ұстаздар қауымы қатысып отыр.

 Жүргізуші : Қазақстанның  30 жылдығы  мерекесіне  арнап    мектебіміздің  дарынды оқушысы Совет Қуат бейнелеу өнеріндегі шеберлігін көрсететін болады.   Жұмысын бастай беруге болады.

 Жүргізуші:   Кешіміздің алғы сөзін  мектебіміздің директоры Кенжебаева Тумаркүл Сәдібайқызына береміз.

      Жүргізуші:Сіздердің құрметтеріңізге  бастауыш сынып оқушыларының арнайы дайындаған       арнауларын қабыл алыңыздар.

    Ән: «Тек алға»

Жүргізуші:  Мектеп бітіргендеріңізге бірнеше  жыл толыпты.  Уақыт керуеніне бөгет жоқ демекші қазіргі заман ағымына сай , сіздер білім алған қарашаңырақ Абай  атындағы орта мектебінде  барлық кабинеттер жаңа технологияға сай интерактивті тақталармен жабдықталған.  Өздеріңіз көріп куә болған  роботатехника кабинеті жұмыс жасайды. Әр мұғалімге жеке компьютер беріліп  толық жағдай жасалған. Қазіргі таңда білім ордасында 179 оқушы білім алуда.  Мектеп бір ауысымда жұмыс істейді.  

     Жүргізуші : Экранға назар аударып, мектебімізді  шынайы бейнесін  тамашалайық.  Видеоролик

   Жүргізуші :   Құрметті түлектер ! Сіздердің мектеп қабырғасында жүрген кездеріңізде қазіргімен салыстырғанда қаншалықты өзгеріс және қандай айырмашылықтар бар деп ойлайсыздар?

 Жүргізуші:  Аида Дүйсенбайқызы сіздің  ақ халатты абзал жан екеніңізді білеміз.   Өзіңізді маслихат депутаттығына  кандидат  етіп  ұсынғанда пікір –сайыс алаңында білімді де білікті маман екеніңіздің куәсі болдық.  Сондай-ақ тілге шешен , оратор екеніңізге көзіміз жетті. Адам жанына шипа болатын «Тұз бөлмесін » ашу туралы бағдарламанызды тыңдаған едік. Депутат болмасаңызда  еліңізге жанашыр  дәрігер ретінде  Бағдарламадағы алға қойған мақсатыңыз орындалады деп ойлайсыз ба?

  Жүргізуші: Құрметті  қонақтар , оқушыларымыздың  көкейлерінде жүрген  сауалдарын қойсақ деген ниеттерін қабыл алсақ . Оқушылар  Сөз  сіздерде Ерасыл, Балауса , Айна

Жүргізуші: Мектепте оқып жүргенде қандай оқушы едіңіздер?

 Жүргізуші: Нағашбек      Бейсенұлы     сіздің  аудандық маслихат депутаты болғаныңызда ауданымызда қандай проблемаларды  шешуге ат салысқаныңызды  айтсаңыз ?

Жүргізуші : Рамазан айының сәтті күнінде оразаларыңыз қабыл болсын.  Бүгін 8- нен 9  на қараған түн – Қасиетті «Қадір түні» Армандаған арманымызды тілесек орындалады дейді. Армандарыңызды ашық айта аласыздарма?

Жүргізуші: Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні  сұраған тілектердің барлығы кері қайтарылмай қабыл болады –дейді. Сол тілектеріңіз қабыл болсын.

 

 

Жүргізуші
Қабыл етіп қонақтардың тілегін
Тілегіңді тұмар етіп жүремін
Кейінгіге жақсы ісін үлгі етер,
Өздеріңдей болса деймін түлегім

 Жүргізуші: Жомарттық –жанның байлығы. Жомарттық -қазақтың  төл мінезі сынды. Жақсылық жасауды көңілі қалайтын азаматтарымызға алғысымыз шексіз.

 Жүргізуші:

 Түлектер ашық болсын таңдарыңыз,

 Аға жол біздің де таңдарымыз.

 Сіздер салған білімнің көпірімен ,

 Талай биік шығамыз шыңға әлі біз.  

 Жүргізуші :  Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін мектеп директоры Тумаркүл Сәдібайқызына береміз (  дарынды балаларымызды  марапаттау , түлектерге естелік сыйлықтарды табыстау)  Жүкенова  Ақерке ,Совет Қуат, Әбиболла Айна, Марат Торғын

Би : Өзбек биін  биін қабыл алыңыздар


 Жүргізуші: Ендеше, әманда елімізде тыныштық болып , деніміз сау , пейіліміз кең  , көңіліміз көтеріңкі , мерейіміз биік , табысымыз баянды болғай. Келесі көріскенше қош сау болыңыздар!

Жүргізуші :Олай болса ортаға мектебіміздің түлегі аудандық байқаулардың жеңімпазы Әлібекова Ақерке Ән «Атамекен»

 

 Жүргізуші :Құрметті қонақтар  Жомарт түлек бұрышындағы  Альбомға естелік қолтаңбаларыңызды қалдырсаңыздар.

 

 Жүргізуші : Құрметті  қонақтар   Естелік суретке түсуге шақырамыз.

   

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив