Абайды оқы, таңырқа (әдеби сазды кеш) » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абайды оқы, таңырқа (әдеби сазды кеш)
24
январь
2020

Абайды оқы, таңырқа (әдеби сазды кеш)

Абайды оқы, таңырқа...» әдеби сазды кеш

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. 

Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
 Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру.

«Абайды оқы, таңырқа...» атты әдеби кеш Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміздің түкпір-түкпірінде өз жалғасын тауып жатыр.

23 қаңтар күні Абай атындағы орта мектебінде   ауқымды іс-шаралар жоспары жасалып, мерекелік шаралар өткізілді.

Мектебімізде  Абайдың 175 жылдығына орай салтанатты шара, әдеби-сазды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Кеш барысында директордың оқу-ісі жөніндегі  орынбасары Л.Аблаева құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.

Аудандық «Бүркітті» кітапханасының меңгерушісі «Абай жолы» романынан үзінді оқыды. 

Танымдық шара барысында Абай өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты бейне фильмы қойылып, ұстаздар қауыда  Абайдың әндерімен сусындатты. «Абайды оқы, таңырқа» тақырыбында арнаулар мен қара сөздері оқылды., «Ұлылардың ұлысы - Абай» арнайы көрмесі ұйымдастырылды. Кеш соңында мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ұ.Сәрсенбиева, Г.Тоқмейлова, Б.Тәжімбетовалар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

«Кейінгі толқын ұрпақтарына қалдырған ақын шығармалары  әр студент үшін өшпес мұра, таусылмайтын қазына екені белгілі. Студенттер көкіректеріне тоқып, көңілдеріне шамшырақ етіп алары сөзсіз» дейді ұйымдастырушылар. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив