"Туған өлке" тарихы » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2020

"Туған өлке" тарихы

           4.11- 28.11 жыл аралығында «Туған өлке» атты бейнероликтер байқауы өтті. Байқауға Абай атындағы орта мектебінің 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өздерінің туған өлкелері Жаңатас қаласының әсем және тарихи жерлерін видеоға түсіріп,  бейнероликтер жасады.
 
Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының төріне шығып, Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіміз осы ел азаттығының жемісі.Қоршаған ортасына, ата-анасына, туған-туысына деген ыстық ықылас Отанға деген сүйіспеншілікке ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Ұлтымыздың әйгілі шешені  Қазыбек би:«Алтын ұяң – Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалаған.Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып, оның тарихын жете білуіміз керек. Және де жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.Несін жасырамыз, әлі де болса арамызда жеті атасын білмейтін егде  адамдар бар. Шежіре білу рушылдық емес, тектілік болып табылады. «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жер», - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған ғой. Байқаудың жеңімпазы «Киелі мекенім –Жаңатас» атты тақырыппен Әбілқасым Сержан атанды. Сонымен қатар 5-сынып оқушыларының дайындаған «Туған жердің танымал тұлғалары» атты бейнеролигі де үздік деп танылды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив