«Ақылды қария - ағып жатқан дария» атты тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесу


коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақылды қария - ағып жатқан дария» атты тақырыбында ардагер ұстаздармен кездесуі туралы
Мақсаты: Жастардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата-бабасын ұмытпай құрметтеу және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру.
Міндеті: Қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтарын сақтау, қарт кісілердің елімізде маңызды рөл атқаратынын ғираттау.
Абай атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 27 қыркүйек күні қарттар күніне орай, мектеп тәлімгері Д.Атакелдиеваның ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушылары ардагер ұстазбен кездесті. Кездесу барысында «Жас жүрген жер –мереке, қарт жүрген –береке!» атты акция аясында «Ақылды қария - ағып жатқан дария» атты тақырыпта халықаралық қарттар күніне арналған іс- шара Абай орта мектебінің оқушылары мен тәлімгері ұйымдастырған ардагер ұчтазбен кездесу өтті. 10-сынып оқушылары, сынып жетекшісі және ұйымдастырушылар 30 жылдан астам өмірін ұстаздыққа арнаған ардагер ұстаз К.Нұрмановамен кездесті. К.Нұрманова биология пәнінен сабақ берген білікті ұстаз. Кездесу барысында оқушылар арақашықтықты сақтай отырып ұстазға ізгі тілектерін, өлең шумақтарын арнады. К.Нұрманова қазіргі таңда Бүркітті елді мекенінде бейнетінің зейнетін көріп отырған үлгілі ұстаз, немерелеріне аяулы әже.