Сарысу Робоспорт санаты
«Робосумо» санатындағы роботтар жарысының сценарийі
Жүргізушілер ортаға шығады.
Әнұран айтылады!
Жасмин: Армысыздар, Абай мектебінің аса мәртебелі қонақтары, құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар және білім құмар оқушылар. Бүгін мектебімізде ұйымдастырылып отырған «Робосумо» санатындағы роботтар жарысына қош келдіңіздер!
Аян: Қайырлы күн, достар!
«Қазақстан – 2030» стратегиясындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық ділі сақталған, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Тек осындай ұрпақ қана еліміздің мерейін бүгінгі жеткен биігінен аласартпай, жаһандану аталатын үрдістің теріс ықпалын бойына дарытпай, әлемдік көшіне ілеспек.
Би –шашу: Абай атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушылары
Жасмин: «Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем бер» деген ұстаным Елбасымыздың сындарлы саясатының айқын дәлелі ретінде бүгінгі жарысымыздың ережесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
- Жарыс шарттары
1.1. Робот жарыстары үшін қатысушылар берілген траектория бойынша басынан аяғына дейін жүріп өтуге қабілетті дербес робот дайындау керек.
1.2. Қашықтықты жүріп өтудің максималды уақыты 2 минут.
1.3. Жарыстарды өткізу кезінде робот қашықтықтың қара сызығымен қозғала отырып, ең аз уақыт ішінде ең көп ұпай жинауы тиіс.
- Аян: Полигон
2.1 Робот ұстануға тиіс қашықтықтан белгіленген полигон көлемі – 2400 мм х 3800 мм.
2.2 Полигон түсі – күңгірт ақ.
2.3 Қашықтықты анықтайтын сызық түсі – қою қара.
2.4 Сызықтың ені – 50 мм.
2.5 Қисық сызықты минималды радиусы – 300 мм.
2.6 Жолдардағы сары түспен қашықты өткен кезде балл есептелетін кезеңдері белгіленген
- Жасмин: Робот
3.1 Робот дербес болуы керек.
3.2 Роботтың максималды ені 25 см.
3.3 Максималды ұзындығы – 25 см.
3.4 Биіктігі – 25 см.
3.5 Роботтың салмағы 1 кг аспауы керек.
3.6 Жарыстарға жарыс қатысушыларының кез келген құрылымдық платформалық негізде жинаған роботтар рұқсат етіледі. Барлық құрылымдық элементтер, соның ішінде қоректендіру жүйесі, роботтың өзіне тікелей орналастырылуы керек. Әртүрлі жинақтардың бөлшектерін, сонымен қатар қолдан жасалған роботтар комбинациясы рұқсат етіледі.
3.7 Робот құрылымында полигонның беткі қабатына қандай да бір зақым келтіруі мүмкін кез келген компоненттерді қолдануға болмайды. Қандай ба бір жағдайда полигонның беткі қабатына зақым келтірген команданың роботы жарыстан толықтай шеттетілетін болады.
- Аян: Жарысты өткізу
4.1 «Сызық бойымен жарыс» жарысы кем дегенде екі кезеңнен тұрады (нақты саны ұйымдастырукомитетімен жарыс өтетін күні анықталады).
4.2 Әр кезең жарысқа жіберілген барлық роботтардың сайыс серияларынан тұрады. Әрбір сайыста робот 2-ден артық әрекет жасай алмайды. Роботтың толық қашықтықты немесе оның бір бөлігін (робот тоқтап немесе қашықтықтан шықты) өтуі оның әрекет мүмкіндігі болып табылады.
4.3 Екінші әрекет тек келесі жағдайларда беріледі:
- Роботтар сыртқы бөгеулерге байланысты кезеңді аяқтай алмаған жағдайда;
- Ойын алаңының нашар жағдайына байланысты түрлі ақаулықтар орын алса;
- Қазылар алқасы тарапынан жіберілген қателіктер салдарынан болса,
- Егер төреші тарапынан «Бастау» бұйрығы берілген кезде 30 секунд ішінде робот іске қосылмаса.
- Бұл жағдайда екінші әрекет мүмкіндігінің орындалуы сол кезеңнің соңына ауыстырылады. Қажет болған жағдайда техникалық сараптама аймағында 3 минут ішінде ақаулық жойылады (роботтың құрылымын өзгертуге тыйым салынады). Содан кейін ол техникалық сараптамадан өтіп, екінші әрекет мүмкіндігін алады. Робот «карантин» аймағына орналастырылған.
Кезеңдер арасында қатысушылар робот құрылымына (соның ішінде жөндеу, қоректендіру
құрылғыларын ауыстыру, бағдарламаны таңдау түрінде) жедел өзгерістер енгізуге құқылы, егер өзгертулер роботтың құрылым талаптарына қайшы келмесе және жарыс ережелерін бұзбайтын болса. Роботты жедел құрылымдық өзгертуге берілетін уақыт – 10 минут. Уақыт техникалық комиссия төрешісімен бақыланып отырады.
4.4 Кезең бастамас бұрын қатысушылар өз роботтарын «карантин» аймағына орналастырулары керек. Техникалық комиссия төрешісі роботтардың барлық талаптарға екендігін растағаннан кейін жарыстар басталады.
4.5 Егер роботты техникалық сараптамадан өткізу кезінде роботтың құрылымында ақаулықтар орын алса, операторға ақауды жою үшін 3 минут беріледі. Егер осы уақыт ішінде ақаулықтар қалпына келтірілмесе, робот ағымдағы кезеңге қатыса алмайды.
4.6 Бастау рәсімі: оператор роботты бастау алаңына орнатады (бастау-аяқтау сызығының алдындағы қашықтыққа), және құрылымның бірде бір бөлігі (сымдармен қоса) бастау сызығынан өтпеуі керек.
«БАСТАУ» бұйрығы берілгенге дейін робот полигонның үстінде олуы керек және қозғалыссыз болуы керек. «БАСТАУ» бұйрығы берілгеннен кейін қатысушы 30 секунд ішінде роботты іске қосуы керек және алаңды тез арада тастап шығуы керек.
Жасмин: Төрелік ету. Төрешіні сайлап алу
Аян: «Робо Арқан тартыс» категориясы бойынша роботтар сайысына кезек берейік. ережесімен таныстыру үшін Мектебіміздің ІТ маманы А.Шадиярбековаға сөз береміз.
Қорытынды шығару үшін төрешілерге сөз кезегін береміз!
Келгендеріңізге көп-көп рақмет!