Абай атындағы орта мектебінде 2019ж қараша айының 25 мен 28 күндері аралығында «1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» мерекесі қарсаңында жүргізілген апталықтың өтілу барысы
Сарысу ауданы білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сарысу ауданы әкімдігі
Білім бөлімінің басшысы
И. А. Баймағанбетовке
Абай атындағы орта мектебінде 2019ж қараша айының 25 мен 28 күндері аралығында «1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» мерекесі қарсаңында жүргізілген апталықтың өтілу барысы
Мектепте 1 желтоқсан –Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінде орай апталықтың іс-шара жоспары жасалынды. Жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірінші қабатта Аудандық кітапхана орталығы және мектептің тәлімгері, қызыметкерлерімен бірлесіп «Біздің Тұңғыш Президентіміз» тақырыбында көрме жасалынды.
Қарашаның 25 күні педагог-ұйымдастырушы Бақытбекқызы Ардақтын ұйымдастыруымен «Менің Отаным Қазақстан» тақырыбында сурет байқауы өтті. Нәтижесінде 9 сынып оқушысы Совет Қуат 1 орынды иеленді.
«Мақтан тұтар ұлы тұлға» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Әлия апай 9 сынып оқушыларымен дәріс өткізді. Дәріс барысында Елбасымыздың жүріп өткен, жеткен жетістіктері туралы айтылды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» туралы бейне фильм көрсетілді.
Педагог-ұйымдастырушы А.Бақытбекқызы «Елін таныған тұлға» тақырыбында 7-8 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларымызға Елбасы жайлы көптеген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Ардақ апай оқушыларымызға бір сәтке сендер Елбасы болсандар не істер едіңдер деп сұрақ қойды. Оқушылар қызықты да ұтымды ойларын ортаға салды.
28 қараша күні «Елбасы күні-елдікке құрмет» тақырыбында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Аубакиров оқушы мен жас мұғалімдер арасында волейболдан спорттық жарыс өткізді.
29 қараша күні «Қазіргі заманғы Қазақстан. Елбасының көшбасшылық сабақтары» тақырыбында 1-11 сыныптары арасында бірыңғай ашық тәрбие сағатты өтті. Әр сыныптың ашық тәрбие сағатына мектеп әкімшіліктері қатысты.
Мектеп тәлімгері И.Тусипованың ұйымдастыруымен «Отанымыз- ортақ үйіміз» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.Сонымен қатар Елбасымыздың бастамасымен құрылған «Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарына мектебіміздің бірінші және бесінші сыныптың оқушыларына қабылдау рәсімі жүргізілді. Оқушыларымызға «Жас ұлан» төсбелгісі мен галстуктері тапсырылды. Оқушыларымыз «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымыздан талап етуге. Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге жәнеОтанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде АНТберді. Салтанатты рәсімнен кейін, бүгінгі Тұңғыш Президентіміздің құрметіне орай ұйымдастырлған мерекелік кешіміз, концерттік бағдарламамен жалғасты.
Қорытынды: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Мектеп директоры: Т.С.Кенжебаева
Орындаған: А.Бақытбекқы