Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құрметті желі пайдаланушылар сіздермен тағы да қауышқаныма қуаныштымын.Мемлекетіміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл. Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болсын. Мәңгілік бейбітшіл ел болайық. Еліміз өсіп, өркендеп келеді.Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүниежүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрінуі үшін құқықтық сауаттылықты, тәрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан хабардар болуы, жастардың құқықтық білімі мен тәрбиесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар болуы қажет.
Осы орайда мектепте тәрбие орталығы жұмыс жасайды. Оның қатарында директордың тәрбие, құқықтық тәрбие орынбасарлары мен әлеуметтік педагог, психолог, тәлімгер, мектеп инспекторы Сатыбекова Гүлнұр бірлесіп атқарады. Стандарт талаптарына сәйкес құқықтық пәндер оқытылады. Балалардың құқықтық сауаттылығын ертеден ашу өте маңызды , себебі жасөспірімдерде құқықтық білім туралы түсінік ерте қалыптасқан сайын , олардың сана сезімі , мінез –құлқы , азаматтық ұстанымы да ертерек дұрыс арнада дами түседі деп ойлаймын. Сондықтанда құқықтық тәрбие мен білімді дер кезінде алған оқушыларда әділдік , әділеттілік , жауапкершілік қоғамдық мүдделер , жеке адам құқықтары деген ұғымдар қалыптасып , болашақта өз құқықтарын жіті білетін сауаты мол, көзі ашық, білімді де білікті , тәрбиелі қоғам мүшесі өсіп шығады. Жалпы мектептерде оқушыларға күнделікті ең қарапайым нормалар мен қоғамдық жерде өзін –өзі ұстау мәселелеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіледі. Мектептегі әлеуметтік педагогтың зерттеулері нәтижесінде әр түрлі ақпараттар жинақталады. Қоғамда орын алып жатқан түрлі көріністер, жасөспірімдерді құқық бұзушылыққа апаратын теріс факторлар да жоқ емес.Оның ішінде әлеуметтік жағдайы, үй-тұрмыстық жағдайы төмен болу мәселелері де балалардың жауапсыздық әрекеттерінің орын алуына ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалу, әр түрлі сылтаулар айта беру сияқты деректері орын алады. Осындай мәселелерді шешу бағыттарында мектепте құқық айлығы ұйымдастырылып , заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды жұмыстар ұйымдастырылып тұрады. Атап айтар болсақ, құқықтық тәрбие орынбасары мен мектепке бекітілген полиция инспекторының , қоғамдық кеңес мүшелерінің, ата- аналардың қатысуымен құқықтық мәселелерге арналған лекция, заңнамалық актілерді түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел отырыстары, ашық есік күні акциялары ұйымдастырылады. Жоғары сыныптар арасында «Қандай іс -әрекеттер заң бұзушылық деп табылады »?- деген тақырыпта дебат пікір сайысы ұйымдастырылды.
Дертті емдегеннен гөрі оның алдын алу әлде қайда дұрыс әрі тиімді екені баршаға мәлім. Осы орайда мектеп оқушыларының өзін –өзі басқару орталықтарының жұмысын жандару қажеттігі байқалып отыр. Осы бағытта өзін- өзі басқару орталығының құқықтық бағыттарының құрамы сөзі өтімді, білімді , білікті оқушылардан құралды. Өйткені өз қатарының сөзінің де ,ісінің де ықпалы ерекше болары анық. Мектепте мектеп әкімшілігі , ата-аналар, қоғамдық кеңес мүшелеріне құрылған «Құқықтық кеңес » және оқушылардан құралған « Жас қыран » ұйымы жұмыс жасайды. Жас полицейлер алғашқы әскери және технолгиялық дайындық жұмыстарын жүргізуге кңөмектеседі. Жол ережесі бойынша үгіт насихаттарын жүргізіп, түрлі іс-шаралар. Білім алушының бос уақытын тиімді пайдалану барынша маңызды. ұйымдастырады. Әкелер мектебі, Аналар мектебі, Қыздар клубы жұмыстары арқылы тәрбиеге ұлттық сипат беру бағыттарында жұмыс жасаймыз. «Ұлт боламын десең –бесігіңді түзе »деген М.Әуезовтың сөзі әрдайым құнды. Әке көрген –оқ жонар, ана көрген тон-пішер тақырыбында 5-8 сынып оқушылар арасында интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылады. «Жарысқа шық- жанұя» тақырыбында спорттық сайыстар өткізілді. Қазіргі таңда
« Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқуға баулу акциялары басталды. Өскелең ұрпаққа берер тағылымы мол тарихи кітаптарды оқу тапсырылды. Аудандық полиция бөлімінде құқық бұзушылық әрекетін көрсетіп есепте тұрған білім алушы болған жоқ. Жақында ғана оқушылардың облыстық құқық пән олимпиадасында 10 сынып оқушысы Жүкенова Ақерке жүлделі 2 орынды алып, республикалық олимпиадаға жолдама алды.
Бала құқығын қорғау егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Озық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жетуге аянбай еңбек ете берейік дегім келеді.