«Имандылық – ізгіліктің негізі»
Абай атындағы орта мектеп оқушыларымен жүргізілген «Имандылық – ізгіліктің негізі» атты дөңгелек үстел
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні , имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Абай атындағы орта мектебінде 8-ші сынып оқушыларына «Имандылық – ізгіліктің негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Сынып жетекшісі Д.Күмісбаева оқушылары өздерінің діни сауаттылықтарын көрсетіп, имандылық, ар-ұят жайында хадистер және дана бабаларымыздың нақыл сөздерін жатқа айтты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тусипова Индира Есенбекқызы өз кезегінде «Әрбір ақылды адамға иман парыз, иманды адамға ғибадат парыз» деген хакім Абайдың сөзін келтіріп, иман және имандылық тәрбие жайлы және мұсылман баласына жат болған әдепсіз істерден бойды аулақ ұстап, кешірімділік пен мейірімділікте, жанашырлықта болу туралы айтып өтті.
Сондай-ақ қазіргі таңда елімізде көптеген діни ағымдар мен секталардың жастарды теріс жолға бағыттап адастыруына жол бермеу мақсатында жұмыстар жүргізетінін мектеп психологы Г.Махажанова айтып берді. Осы шараға мектеп басшысы Т.С.Кенжебаева әдіскер мұғалімдер қатысып өз пікірлерін білдірді.
