«Жат қылықтардан аулақ болайық»
6-9 сынып оқушылары арасында «Жат қылықтардан аулақ болайық» тақырыбында педагог-психолог Г.Махажанова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова , мектеп медбикесі Қ.Әлімхан тренинг, баяндама оқып түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: а) Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдетттерден аулақболуға үйрету, адамға келетін зардаптарын түсіндіру, ашып көрсету.
ә) Оқушылардың өмірге ,әсіресе, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын алуды үйрету, ой-өрісін дамыту.
Жүргізілу барысында: И.Тусипова оқушыларға денсаулық адамның ең қасиетті де ,құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі кездегі адамның жанын, тәнін күйдіретін түрлі жаман әдеттерден аулақ болуымыз қажет. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа жолдауында : біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иелері дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт.. Сонықтан да біз өмір сүрудің артықшылығын білуіміз қажет. Зиянды заттардың тұңғиыққа апарар жол екендігін, салауаттылық-адам тіршілігіндегі күнделікті өмір тынысындағы қимыл-әрекет, әдет, құмарлық тұрмыстық жүйелерінің жиынтығы. Көптеген аурулардың шығуына кінәлі табиғат, қоғам емес-адамның өзі . Сонықтан денсаулығымызды сақтау өз қолымызда деп түсіндіріп өтті,
Мектеп медбикесі тақырыпқа сай баяндама оқыды. 7-9 сынып оқушыларына бейне роликтер көрсетіліп, психолог Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінеміз деп оқушылар мен ой бөлісті, оқушыларға жаттығулар жүргізіліп кеңестер берілді.
Орындаған: Г.Махажанова