Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі
Тақырыбы: «Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі » дөңгелек үстел
Мақсаты: Оқушыларға кәмелет жасқа толмағандар туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиет екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтармен бас бостандықтарын қорғау туралы үйрету.
Мектептегі 9 сынып оқушыларына зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыс педагогикалық-психологиялық тұрғыда түсіндірілді. Оқушыларға зорлық зомбылықтың отбасына,балаларға, адам өміріне келтіретін зияны оның соншалықті қауіпті жағдай екені сонымен қатар оның түрлері түсіндірілді. Дөңгелек үстел барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып ойларын айтты. Оқушыларға құқық бұзушылықтың зияндылықтары, мектептен тыс жерлерде, қоғамдық орындарда өзінің тәртібін, жүріс-тұрыстарын қадағалай алу қасиеттерін дамыту барысы айтылды.
Жұмыстың нәтижесі:Жүргізілген жұмыстың қорытындысында оқушыларға көшеде жүру, түнде бос жүру, зиянды заттарға әуестену, ұрлық жасау, т.б. мәселелер адам ағзасына, дамуына, психикасына, білім алуларына тигізетін кері әсерлерін түсінді. Сонымен бірге оқушылардың қойған сұрақтарына психологиялық тұрғыда жауаптар алып, түсінгендігін білдірді.
Ұсыныс: мектептегі оқушыларға мектепте, мектептен тыс жердерде тәртіп бұзбау тапсырылды
Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Эликбоева