12
декабрь
2022
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
Бүгін, Абай атындағы орта мектебінің кітапханасында мектебіміздің 6,11 -сынып оқушыларының қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізілді. Мектеп кітапханашысы Б.Айдарбекованың ұйымдастырылуымен өткізілген игілікті шара балалардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен бірге кітапхана секілді рухани-мәдени мекеменің тыныс-тіршілігімен, жаңа кітаптар мен басылымдармен таныстыруды, кітап оқуға деген құштарлықты оятуды мақсат етті. Шара барысында оқушылар Отан, туған жер, атамекен секілді тақырыптарда өз өлең шумақтарын оқып, Қазақстан туралы ой-пікірлерін айтып, викториналық ойындарға белсене қатысып отырды.