Ерекше қадағалауды қажет ететін оқушымен жұмыс
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Сарысу ауданы білі бөлімінің
Абай атындағы орта мектебі КММ
Білім бөлімінің басшысы
И.Баймағанбетовке
Мәлімет
Абай атындағы орта мектебінде 2022 жылдың 3-6 қазан аралығында Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған іс-шара жоспары жасалынып бекітілді.
2022 жылдың 30 қыркүйегінде әлеуметтік педагог Н.Божбанованың ұйымдастыруымен «Мейірімді жүрек» тақырыбында акция өткізілді. Акция барысында пән мұғалімдері үйден оқитын оқушыға сыйлықтар тарту етті.
2,4,5 қазанында «Мен өмірді сүйемін», «Ертегі терапиясы» тақырыбында психологиялық тренинг жүргізіліп сонымен қатар психологиялық жаттығулар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын диагностикалау. Өмірдің құндылығымен маңызын түсіну. Өмірдің қиындықтарына төзе білу. Балалардың танымтдық процесін арттыру.
Қазан айының 3 күні «Мен бақытты баламын» тақырыбында концерттік бағдарлама жургізілді. К
Мақсаты: Балалардың көңіл күйін көтеру, шығармашылық қабілетін шыңдау.
Концертке 5-6 сынып оқушылары қатысып ән айтып би биледи.
6 қазан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмаділ Бақытжан «Көңілді денсаулық күні » атты эстафеталық жарыс өткізді.
Мақсаты: Оқушының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру,сонымен қатар спортпен айналысудың қажет екенін түсіндіру.
Мектеп директоры: Т.С.Кенжебаева