05
февраль
2022
Оқуға құштар мектеп
Ақпан айының 2-сі күні Абай атындағы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова мектеп тәлімгері Д. Атакелдиеваның ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "
" байқауы өтілді. Байқауға 6,7,8,9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар М. Әуезовтің "Қорғансыздың күні", Қабдеш Жұмаділовтің" Қаздар қайтып барады", Сайын Мұратбековтің "Жусан иісі" шығармаларын оқып бірінші кезең сұрақтарға жауап берді. "Маған әсер еткен шығарма" атты кезеңдерде бақ сынасты. Оқушылар өз ойларын нақты жеткізе білді. Сондай-ақ 6-сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінен сұрақтарға жауап берді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, бірнеше оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.