"Ана-өмір шуағы "
Абай атындағы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова, мектеп тәлімгері Д. Атакелдиеваның ұйымдастыруымен «Ана- өмір шуағы» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Мектеп директоры Кенжебаева Тұмар Сәдібайқызы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.
– Ұстаздарымыз бізді ізгілік пен адамгершілікке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
«Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» – деп болашақ жар, болашақ ана, шаңырақ шырақшылары болатын қыздар тәрбиесіне ерекше көңіл аударды.
Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың кепілі. Ана – ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, ақын да, қайраткер де ананың ақ сүтінен нәр алған. Әрбірімізге әдемілік пен нәзіктік, әсемдік пен сұлулық сыйлайтын бұл мереке өміріміздің сән-салтанатына айнала бергей. Мерекеде баршаңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін, – деді.
Мерекеде бірқатар ардагер ұстаздарға, білім саласында абыройлы еңбек етіп жүрген білікті ұстаздарға мектеп директоры Кенжебаева Тұмар Сәдібайқызының алғысы мен сый-сыяпаты тапсырылды.