«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел
Мақсаты:Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиетін дамыта оқыту. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
2020 жылы 16 ақпан күні «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған 5-7-сынып қыздары қатысты. Дөңгелек үстел аясында оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу туралы үйренді. «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Ардақ Бақытбекқызы оқушыларға «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ақыл кеңес беріп, баяндама баяндама оқыды.
Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала келін болғанда да сол әдетін сақтайды. Сондықтан да, бүгінгі ұлттық салт дәстүріміздің қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын айтып өтпекпін.
Әдептілік,инабаттылық, сыйласу қонақ күту жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Әрбір бойжеткен қыз бала , әке- шещенің ортасындағы бұлғақтаған бал дәуренін қалдырып, басқа бір үйге барып келін атанады. Өз шаңарағын көтеріп, үй мен шаруаға иелік етіп түтінін түтетеді, ана болып өмірге перзент әкеледі. Жар құшып, ана болу – қыз баланың мақтанышы әрі бақыты. Бұған әсіресе әке- шеше қуанады.
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімде өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білек» деген еңбегінде « Қызға үлгі көрсет , ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді.
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан- жақты сұлулықтың рәмізі ретінде қолданылады. Қазіргі кезде мектептегі кейбір қыздарымыздың тәртібінің төмендеп бара жатқандығы. Яғни ибалы қыздарымыздың арасындағы келеңсіз жағдайлар оқу – тәрбие жұмыстарына кесірін тигізіп жатқаны рас. Оқушыларымыздың осындай теріс жолға түсуіне бірден -бір себепші кінә – теледидар. Себебі оның қай арнасын қоссаң да қантөгіс, кісі өлтіру, тыржалаңаш әйелдердің ерсі қылықтары. Бұны көрген бала оған еліктеп көргенін істегісі келеді. Одан қала берді ұялы телефон. Оның әр түрлі хабарласу түрлері бар. Онымен айналысқан бала оның жағымды жақтарынан гөрі жағымсыз жақтарына құмар. Осыған шектеу қойатын бірден бір адам, ол ата- ана. Үйдегі баланың немен шұғылданып жатқанына бір мезгіл көңіл бөліп, сабағына қараса. Қазір мектепте « мектеп формасы» дегенімізге 4-5 жылдай болып қалды. Бірақ кейбір оқушыларымыз дженсий жалбар мен тырысып қалған , түрлі жылтырақтары бар юбкаға құмар – ақ. Оны әперетін кім? Әрине ата-ана. Неге « мектеп па, мектеп формасын ки» -деп айта алмаймыз. Сол ақшаға мектеп формасын әперіп , баламызды киіндіріп қоймаймыз. Мектепте бір іс-шара өткізетін болса көптеген оқушы қыздарымыз тырыстырып шалбармен келеді.Тіпті көшеде де белдері мен кіндгін көрсетіп шалбар киген қыз баланы көреміз. Ол қыз ертең қандай дені сау ана болып, болашақта дүниеге дені сау перзент әкеле алатынына кім кепіл бола алады.
Осылардың бәрін қорта келгенде «Қыз болашақ ана», «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі». Қыз баланың тым әлем – жәлем киініп көзге түспкке тырысуы, орынсыз боянып сылануы ерсі болады. Бұл оның тәрбиесінің төмендігін көрсетеді. Сөзімді бұрынғы білімпаздардың «Әйелдері тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық,жігерлі, талапты болса халық бай, ал жалқау, салақ болса халық пақыр, кедей болады» деген екен.
Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы- балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз –түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан да басты назарды бала тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін жегіңіз келсе, шыбық кезінде дұрыстап қараңыз. Сонда ғана еңбегіңіз еш кетпейді.

