05
февраль
2022
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы
2022 жылдың 1 ақпан күні Абай атындағы орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова және Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Г. Махажанова, Г. Эликбоеваның ұйымдастыруымен
«Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылуы болып өтті.
Мақсаты: - Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
Онкүндіктің ашылуына 1-11 сынып оқушылары қамтылды.