«БИЗНЕС БАСПАЛДАҒЫМЕН», «ЭКОНОМИКА ОЙЫНЫ», «ЭКОНОМИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты экономикалық ойындар туралы » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «БИЗНЕС БАСПАЛДАҒЫМЕН», «ЭКОНОМИКА ОЙЫНЫ», «ЭКОНОМИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты экономикалық ойындар туралы
14
май
2021

«БИЗНЕС БАСПАЛДАҒЫМЕН», «ЭКОНОМИКА ОЙЫНЫ», «ЭКОНОМИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты экономикалық ойындар туралы


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

 

«БИЗНЕС БАСПАЛДАҒЫМЕН»,  «ЭКОНОМИКА ОЙЫНЫ», «ЭКОНОМИКА БІЗДІҢ АЙНАЛАМЫЗДА» атты экономикалық ойындар туралы

МӘЛІМЕТ

МАҚСАТЫ: Оқушыларды жаңа ғасырдың жаңа технологияларымен таныстыру арқылы көшбасшы , технологияны мықты меңгерген ұрпақ тәрбиелеу.

Сәуір айының  7 күні  8-9 сыныптар арасында «Экономика біздің айналамызда» атты экономикалық ойындар өтті. Ойын барысында оқушылар «Тұтынушылар» және «Өндірушілер» болып екі топқа бөлінді. оқушылар өз ойларын ашық айтып, қазіргі таңдаға экономикалық өзекті проблемаларды тілге тиек етті. Қандай проблемалар бар екенін айта отырып, дәлелдемелер келтірді. Іс-шараға мектептің тәрбие ісі жөнідегі орынбасары И.Тусипова мен биология пәнінің мұғалімі А.Бақытбекқызы, география пәнінің мұғалімі Б.Қожамқұл қатысты.Оқушылар өз ойларын айта отырып, фактімен сөйлеп, ойында 9-сынып оқушылары 1- орынды иеленді. Іс шара соңында 9-сыныптың сынып жетекшісі Л.Кесебаева сөз сөйледі.

 

 

 

Мектеп директоры:                                      Т.С.Кенжебаева

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

«ГИГИЕНАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ТЕД Х ДӘРІСІ атты дөңгелек үстел туралы

МӘЛІМЕТ

 

МАҚСАТЫ: Жеке бастың тазалығын ұстану арқылы әртүрлі жаман аурулардан сақ болуды оқушы санасына қалыптастыру.

Сәуір айының  14 күні  «ГИГИЕНАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТЕД Х ДӘРІСІ атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Аудандық аурухананың дәрігерлері мен психологы қатысты. Өтілген іс-шараға 8-9 сыныптар қатысты. дәрігерлер жыныстық аурулар туралы айта, қауіпті аурулардың зиянын тілге тиек етті. Сондай-ақ дәрігерлер  барлық ауру түрлеріне ТЕД Х дәрісі туралы айтып өтті.

 

 

Мектеп директоры:                               Т.С.Кенжебаева

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

«Сиқырлы сөздің құпиясы» атты  кітап оқу жарысы туралы

МӘЛІМЕТ

МАҚСАТЫ: Сөз өнерінің құпиясымен бөлісе отырып оқушы қызығушылығын ояту.

19.04.2021 жылы Абай атындағы орта мектебінде «Сиқырлы сөздің құпиясы» атты кітап оқу жарысының І кезеңі өтті. Кітап оқу жарысы 6-8 сыныптар арасы мен, 9-11 сыныптар арасында екі деңгей бойынша өтті. Жарысқа қатысқандар: Марат Торғын 6- сынып, 7-сынып оқушылар: Өмірбек Мадина, Серікбай Тиексұлтан, Самет Мая , 8-сынып оқушылары: Өмірбек Аяулым, Сайлау Айым, Камардин Жанару, Сәлік Омар, Рахымбай Мейіржан қатысты. 9-сынып оқушылары: Сафар Інжу, Абибулла Айна, Марат Аян, Абилкаисмов Ерасыл, 10-сынып оқушысы: Атейбек Досымжан, 11-сынып оқушысы: Момынқызы Аруна қатысып, тест тапсырды. Оқушылар өз оқыған кітаптары бойынша тесттен өтіп екінші кезеңге өтті.

 

 

Мектеп директоры:                                 Т.С.Кенжебаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1

Оқуға тиіс 10 кітаптың тізімі:

«Қазақ  әдебиетінің алтын қоры»

Авторы

Кітаптың атауы

Беті

1

Мұхтар Әуезов

«Қорғансыздың күні»

22

2

Төлен Әбдік

«Ақиқат»

50

3

Сайын Мұратбеков

«Жусан иісі»

52

4

Қабдеш Жұмадилов

«Қаздар қайтып барады»

13

5

Марат Қабанбаев

«Бақбақ басы толған күн»

43

6

Әбіш Кекілбаев

«Ханша-Дария хикаясы»

38

7

Мұхтар Мағауин

«Тазының өлімі

39

8

Тұрдақын Жексенбай

«Бала бүркіт»

40

9

Тынымбай Нұрмағамбетов

«Көзәйнек»

62

10

Мұхтар Мағауин

«Бір атаның балалары»

54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ

 

 

 

 

«Гигиеналық мәдениетті қалыптастыру жолдары» атты TED x дәрісі

 

 

 

 

 

 

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Д.АТАКЕЛДИЕВА

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

 

              Жүргізуші: Билогия пәнінің мұғалімі: А.Бақытбекқызы іс-шараны бастап 8-9 сынып оқушыларына сәттілік тілеп, шақырылған қонақтармен таныстырады.

              Шақырылған қонақтар: Орталық аурухананың дерматолог дәрігері: Қалманбаева Алия, жастар денсаулық сақтау орталығының психологы: Абдикеева Жадыра, Машенова Айнұр.

              1.Гигиена ғылымы,даму тарихы,зерттеу әдістері Гигиена ғылымы туралы жалпы түсінік Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде мамандәрігерлер-гигаенистер дайындалады. Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Неше түрлі әдістері, практикада қолданатын нақтылы тәсіддері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады. Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе керіністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардьщ жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Неше түрлі алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді. Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалылтасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмос-фералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы, космостық факторлар (кун сәулесі), әлеуметгік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, тесек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты омір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда неше түрлі зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шараи ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады. 1. Гигиенаның даму тарихы • Гигиенаның эмпирикалық дамуы кезеңінде адамдар инст инкт арқылы өздерінің денсаулығын және өмірін сақтауға тырысатын. Археологиялық зерттеулер мен қазбалар ежелгі дәуірден бастап адамдардың денсаулықты сақтау жөніндегі ережелерді білгендігін және де тамақтануға, жеке бас гигиенасына, тұрмыс жағдайларына көп көңіл бөлінгенін анықтайды. Әсіресе гигиенаға көп көңіл бөлген индустар, қытайлар, вавилондар, мысырлықтар және де ортаазиялық тұрғындар болып саналады. Б.з.б 1500 жылы Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін, табиғи факторлардың адам денсаулығына әсерін сипаттайтын “Ауа, су және елді-мекендер туралы” еңбегінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқанд, Отырар, Тараз т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған. • Гигиена қазіргі кезде кең түрде дифференциалданған ғылым ретінде сипатталады. Бастапқыда жалпы гигиена ретінде пайда болып, ары қарай зерттелетін мәселелердің және қоршаған орта объектілерінің кеңеюіне байланысты жеке бөлімдерге мынадай бөлініп дами бастады; еңбек гигиенасы, коммуналды гигиена, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы және т.б. • Капиталистік кезеңде түрлі ірі мануфактуралардың, өндірістің дамуына байланысты 1700 жылы итальян дәрігері Б.Рамаццини өзінің “Рассуждение о болезнях ремесленников” деген еңбегінде сол кездегі барлық мамандықтар жайлы, соған байланысты пайда болатын кәсіптік аурулар және оларды болдырмау туралы айтқан. • 1741 жылы неміс пасторы Зюссмилых адам өлімі мен балалардың сау болып тууы көп мөлшерде қоршаған орта жағдайларына,табиғатқа, әлеуметтік және тұрмыстық шарттарға байланысты екеніне көңіл аударған. • Гигиена ғылым ретінде XVII ғасырдың соңында құрыла бастады.1788 жылы П.Франканың “Полная система медицинской политики” дген еңбегі жарыққа шықты.Онда сол кезеңдегі санитария туралы мәліметтер және де бірінші рет болып денсаулықтың маңызы,оны қорғау мақсатында түрлі мемлекеттік шаралар жүргізу керектігі туралы ойын білдірді. • 1797 жылы неміс ғалымы Гуфеланд жеке гигиенаға қатысты мәселелерді қозғаған өзінің “Макробиотика или искусство продления жизни” атты еңбегін басып шығарды. Кітапта салауатты өмір-салтын сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және өмірді ұзартуға болатыны жайлы нұсқаулар берілген. • Бұл кезеңдерде гигиена эмперикалық ғылым ретінде қалды,яғни тек бақылауға ғана бағытталған болатын. • XIX ғасырдың орта кезінде гигиенада қоршаған ортаны зерттеудің экспериментальды және статистикалық әдістері қолданыла бастады. Бұған биология, физика, физиология және т.б. ғылымдардың дамуы әсер етті. Бірақ ең басты рөлді жұқпалы аурулар қоздырғыштарының адам ағзасына ену жолын зерттеген және олармен нәтижелі түрде күресуге мүмкіндік берген Л.Пастер, Р.Кох, Н.Ф.Гамалей, И.И.Мечников т.б. ғалымдардың ашқан жаңалықтары атқарды.ммммчмм



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив