«Спорт денсаулық кепілі»
Абай атындағы орта мектеп оқушыларымен «Спорт денсаулық кепілі» атты спорттық жарыс
Мақсаты: Балаларды ойын түрлерімен таныстыру және дұрыс орындай білуге үйрету.
Балалардың спортқа деген қызығушылығы арттырылады.
Ойын барысында шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиеленеді.
Біздің мектепте спорттық жарыс өтті. Оған барлық оқушылар қатысты. Біздің сыныптастарымыз футболдан барлық команданы жеңді. Қыздарымыз баскетболдан жеңіп, бірінші орын алды. Сынып жетекшіміз жарысқа қатысқан командаларға алғысын білдірді.
«Салауатты өмір салтын сақтау» мақсатымен мектепте өткізілген сыныптар арасында жарысқа 6 – 7 сынып оқушылары қатысты. Оқушылардың жарысы 5 – кезеңнен тұрды. Топтың аты «Қыран», арнайы жаттаған ұрандарымен бірінші таныстырып өтті. Кезек – кезек құрылған жоспар бойынша ойындар жүргізілді. Мектепшілік жарысқа он екі мектеп келді. Әділ қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын беріп мектеп оқушылары «Қыран» тобы өздерінің шапшаңдығын көрсетіп жүлделі бірінші орынға ие болды.
