«ТІЛ- ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» АТТЫ АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Абай атындығы орта мектебінде Қазақ тілі, әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында апталық жоспарланды.
Мақсаты: оқытудың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жеке белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыруға , білімін дамытудағы қызығушылықтарын қалыптастыруға, патриоттық сезімдерінің қалыптасуына ықпал ету .Мектеп дәлізінде және кітапханада «Тілім-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбында ақпараттық бұрыш жасалды. Ондағы мәліметтер өз ана тілінің қадір-қасиетіне, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға және үштілділік заман талабы мазмұнында болды.
Апталық саптық жиында әдеби-сазды қойылыммен ашылып,өткізілетін ісшаралармен таныстырылды.