Ашық сабақ
Бүгін, Абай атындығы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тусипова Индира Есенбекқызы 9 сынып оқушыларының қатысуымен "Б.Майлин "Шұғаның белгісі "хикаяты тақырыбында ашық сабақ өтті. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Кесебаева Лаззат(қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Мырзахмет Ақмарал (ағылшын тілі пәнінің мұғалімі),Бақытбекқызы Ардақ(биология пәні мұғалімі), Нұрғалиева Алия(тарих пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша 9 сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық.Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі орташа. Сондықтан осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы мақсатымыз — диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.