Спорттық іс - шаралар
Абай атындағы орта мектебінің " Спорт және эстетикалық пәндері" бірлестігінің айлық бағдарламасында мектепшілік ұстаздар арасында "Асық ату және бес асықтан" өткізілген жарыс тартысты өтті. Мақсаты: Асық ойнының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау.