«Құқықтық сана – қоғамға» пана жобасы аясында «Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Құқықтық сана – қоғамға» пана жобасы аясында
«Кибербуллинг дегеніміз не?» тақырыбында 6-7 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Мақсаты: Оқушылардың кибербуллинг туралы түсініктерін кеңейту.
Құқық бұзушылық –бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.
“Құқықтық сана-қауымға пана” жобасы аясында Абай атындағы орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, және буллинг, кибербуллинг жайында түсінік беру мақсатында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа ДТІЖО: И.Тусипова, педагог-психолог: Г Махажанова қатысты. Іс-шара барысында «Кибербуллинг дегеніміз не?», «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерлік» тақырыптарында бейнебаян көрсетілді. Жиналыс соңында оқушылар сұрақ қойып, қызу талқыланды.