Қамқоршылық кеңес отырысы
«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қамқоршылық кеңес отырысы
27.09.2019ж
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Ғ.Несіпбай
Қамқоршылық кеңес мүшесі: А.Байшора
Мектеп директоры:Т.С.Кенжебаева
Әлеуметтік педагог:Н.Божбанова
Сынып жетекшілер,ата-аналар
Күн тәртібінде:
- Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2 қазандағы №2315 шығыс хатына сәйкес,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша ІV тоқсанның тізімі туралы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Н.Божбанова сөз алды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша ІV тоқсанда мектепте білім алып отырған аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан білім алушы балаларды 2019-2020 оқу жылының қазан айында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мәселесі туралы тоқталды.қазан айында тегін тамақтануға қамқорлыққа алынған 1 оқушы, көп балалы отбасынан шыққан 17 оқушы, аз қамтылған отбасынан шыққан 21 оқушы,жартылай жетім 1 оқушы, яғни барлығы 40 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылмақ.
Шешімі:
- Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету әлеуметтік педагог Н.М.Божбановаға тапсырылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Ғани Несіпбай
Қамқоршылық кеңесінің орынбасары: Байшора Аяулым
Кеңес мүшелері: Асамбекова Тыныштық
Исаев Дархан
Кемелжанова Айгүл
Байменова Гүлзия
Бабаева Боранкүл
Тоқсейітов Әзімхан
Нұрбекова Гүлдана
Хатшы: Нұрсая Божбанова