Қамқоршылық кеңес отырысы
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Ғ.Несіпбай
Қамқоршылық кеңес мүшесі: А.Байшора
Мектеп директоры:Т.С.Кенжебаева
Әлеуметтік педагог:Н.Божбанова
Сынып жетекшілер,ата-аналар
Күн тәртібінде:
- Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 26 желтоқсандағы №3119 шығыс хатына сәйкес,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша І тоқсанның тізімі туралы
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог Н.Божбанова сөз алды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 13 сәуірдегі №198 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша І тоқсанда мектепте білім алып отырған аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан білім алушы балаларды 2019-2020 оқу жылының қаңтар айында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мәселесі туралы тоқталды.Қаңтар айында тегін тамақтануға қамқорлыққа алынған 1 оқушы, көп балалы отбасынан шыққан 22 оқушы, аз қамтылған отбасынан шыққан 17 оқушы,жартылай жетім 2 оқушы, яғни барлығы 42 оқушы бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылмақ.
Шешімі:
- Тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету әлеуметтік педагог Н.Божбановаға тапсырылсын.
Қамқоршылық кеңес төрағасы: Ғани Несіпбай
Қамқоршылық кеңесінің орынбасары: Байшора Аяулым
Кеңес мүшелері: Асамбекова Тыныштық
Исаев Дархан
Кемелжанова Айгүл
Байменова Гүлзия
Бабаева Боранкүл
Тоқсейітов Әзімхан
Нұрбекова Гүлдана
Хатшы: Нұрсая Божбанова