XXI ғасырдың ата-анасы өз балаңа үлгі бол.
2018-2019 оқу жылында Абай атындағы орта мектепте бірінші сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық көмек беру мақсатында ХХІ - ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы ата - аналар конференциясы өтті. Конференцияны қамқоршылық кеңестің төрағасы Мамеков М ашып, аталмыш шараның маңыздылығы туралы айту үшін мектеп директоры Т.С.Кенжебаеваға сөз берді. - Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады