XXI ғасырдың ата-анасы өз балаңа үлгі бол.
2018-2019 оқу жылында Абай атындағы орта мектепте бірінші сынып оқушыларының ата- аналарына психологиялық көмек беру мақсатында ХХІ - ғасыр ата-аналарының «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбындағы ата - аналар конференциясы өтті. Конференцияны қамқоршылық кеңестің төрағасы Мамеков М ашып, аталмыш шараның маңыздылығы туралы айту үшін мектеп директоры Т.С.Кенжебаеваға сөз берді.
- Қоғамымыздың болашағы бұл кезеңнің қаншалықты сапалы болғанына байланысты. Он екі жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады 2028 жылы бұл балалар үлкен өмірге аяқ ба- сып 21 ғасырда Қазақстанның іргесін берік әрі гүлденген мемлекет ету үшін еңбек етуді бастайды. Қазақстан Республикасынң Президенті, Ұлт Лидері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде өскелең қазақстандықтардың позитивті жасампаз дүниетанымға, жауапкершілік сезіміне, мықты адами қасиетке ие, саналы таңдау жасап, дербес шешім қабылдай алатын, Отанның игілігін ойлайтын жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленген азаматтар болуы қажет деп бірнеше рет атап айтқан болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай шешімі табылуы үшін мектеп пен отбасы арасындағы өзара сыйластық пен сенімнің негізінде жемісті тығыз ынтымақтастық болуы керек.
Ата-ана мен ұстаз және оқушылармен жұмыс істейтін мектеп психологы мен басқа да мамандар арасында нақты келісім болуы керек. Мектеп пен отбасының балаға қойған талаптары моральды- адами құндылықтардың біріңғай жүйесін ұсына отырып бір біріне қарама-қайшы келмеуі керек. Бүгінгі ата-аналар конференциясының міндетіде осы, – деп конференцияның міндетімен таныстырды Сөз тізгінін алған оқу ісі орынбасары Г.Кабулова : – Ата – ананың немқұрайлығы мен зорлық – зомбылығының қысымындағы бала – екіжүзді, және оның қарсылығы мейрімсіздіктен кек пен ызаға айналады. Осымен бір мезетте оның өзіндік адамгершіл қасиеті де жоғала бастайды. Мұндай жағдайда жеткіншек жасындағы балалардың жаман әдеттерге бой алдыруы мүмкін. Ал егер отбасы махаббат пен сүйіспеншілікте, кішіпейілділік пен мейірімділікте өмір сүрсе баланың өзіне деген сенімділігі, өзін-өзі бағалауы жоғарылап білім алуға деген талпынысы күшейеді, Сондықтан да ата – ананың педагогикалық мәдениетін көтеру кез – келген жеке отбасы мен түгел қоғамның міндеті. «Балаларға көмектің ең дұрыс тәсілі бұл – олардың ата-аналарына көмек көрсету» - деп американдық жазушы Томас Харрис дәл айтқан, – деп әрбір қатысушы тағы бір рет баланы жақсы, бақытты ету керектігін естеріне алуы үшін оны позитивті әсерлі етіп туындататын, бала мен ата-ананы байланыстыратын сол бір керемет сезімді еске түсіретін жылы сезімдерді туғызатын материалдармен толықтырды. Шара барысында «Бақытты отбасы» атты видеоролик көрсетілді. Мектептің АЙТИ маманы және психолог Б. Ускембекова шараны ары қарай жүргізіп, слайдтар арқылы «Неліктен балада қиындықтар туындауы мүмкін?», «Бала өміріндегі орын алып жатқан өзгерістер кезінде ата – аналар нені естен шығармауы тиіс?», «Бірінші сыныпты болашақтың жетістіктеріне бастау алаңы болуы үшін не істеу керек?» – деген сауалдарды ашып ата-аналарға кеңестер берді.