Қыз қылығымен (психология) » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
октябрь
2020

Қыз қылығымен (психология)

Қыз  қылығымен 

6-11 сынып қыздары арасында мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова, әлеуметтік педагог Н.Божбанова және педагог психолог Г.Махажанова тәрбиеге байланысты әңгімелесіп пікір алмасып «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында тренинг жүргізілді

Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту.

Тренинг барысында И,Тусипова «Қыздарға әсемдік жарасады» демекші қыз балалар тәрбиесін, қыз баланы әдеміліктің, әдептіліктің, жан – жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етіп, біздің халқымызда қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, жан – жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады деп қыздармен пікірлесіп  қазақ қызы қандай болу керек деген ой қозғалып бейнебаян көрсетілді. Қыздар өздерінің ойларын ортаға салды.

10 сынып оқушысы Бекмағанбетова Ботакөз  қазақ қызы қос бұрымымен,  киген киімімен, сөйлеген сөздерімен қылығымен сонымен қатар кәзіргі заманда білімімен де сұлу көрінеді десе, 9 сынып оқушысы Ботакөз қыздар кәзіргі кезде шет елге еліктеп қазақилықты жоғалтып жатырмыз деп ойларын ортаға салып шетелге еліктемей қазақ қызына тән қарапайымдылықты ұстанса әрқыз сұлу көрінер еді деп қыздарымыз жарыса пікірлерін білдірді.

Қыздармен «Күн шуағы» жаттығуы жүргізілді. Бұл жаттығуда

Қыз балалардың бойында қандай қасиеттер болу керек?- деп сұрай келе, өз бойындағы қандай жағымды қасиет бар, соны біліп және күн шуағына жазды

Қыздарға арналған психологиялық 40 кеңес таныстырылып,


«Есесіне мен…» жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: Жылдамдыққа ұшқыр ойға мүмкіндік беру. Сонымен бірге өз – өздерін бағалау деңгейлерін арттыру.

Нұсқау: Қыздар қанекей мінсіз адам болмайды демекші, өзіміздің қолымыздан келмейтін істі не болмаса бір мінімізді айтып, бірақ есесіне мен... деп сөйлемді жалғастырамыз.

Мысалы: «Мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды» деген сияқты Бұл жаттығуда әр қыз өзіне мінін айта отырып жақсы жақттарын да көрсетті.

Қорытынды: Бүгінгі тренингтен қыздар тәрбие байланысты, қазақ қыздардың қандай болу  керектігі туралы біраз мағлұматтар алды. Бір бірлеріне жақсы тілектер айтып тренингті жақсы көңіл күймен аятады.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив