«Патриот және адамгершілік»
Мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Адамгершілік, патриоттық, тәрбиеберу барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтарын мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді. Оқушылар мен мұғалім, ата-аналар арасында мектепте құқықтық жалпы білім беру жұмысы жүргізілді.
Мектептің, ата –аналардың және жергілікті қоғамдастықтың бірлескен қызметін жоспарлап, ата – аналар мен жергілікті қоғамдастықты оқу сапасын, баланың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ата –аналарға педагогикалық лекторий 1 - 4 сыныптар «Балауса» тобына бастауыш сыныптардың мұғалімдері тарапынан «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр», «Менің жанұям», «Байлықтың атасы еңбек» атты тақырыптарында лекциялар оқылды.
«Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында мектеп оқушылары «Жанұя –шағын ұжым» атты баяндамаларын оқыды, оқушылар өз ойларын ортаға салды.