Жомарт жұрек
Мақсаты: Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарымқатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
15 қаңтар күні мектебімізде 1-10 сыныптар арасында «Жомарт-жүрек» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Оқушылар үйден дайындап әкелінген түрлі дәмді тағамдар самса, Кекс, пирог, рулет, торттар, чибурики, бәліштер пісіріп дайындап әкеліп сатты. Сауда жасау барысында түскен қаржыны әр сынып жетекші әкеп өткізілді. Нәтижесінде 11500тг қаржы түсті. осы түскен ақшаға мектебіміздегі жағдайы төмен оқушыларға оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Жақсы атсалысқан сынып жетекшілер мен оқушылар марапатталды.
Орындаған:Г.Эликбоева