Жасыл шырша жанында








Мақсаты: Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, Ақшақардың, жалмауыз кемпірдің корнабалдық киімдеріне назар аудару, көңілді ойындар ойнату, достық қарым – қатынас орнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Абай атындағы орта мектебінде 25 -26 желтоқсан күндері «Жасыл шырша жанында» атты мерекелік жаңа жылдық кеш өтті. Осы кешке МАД пен 1-4 сыныптар арасында жаңа жылдық сахналық қойылымдар көрсетіліп, оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлады. Оқушылар әр түрлі тақпақтар айтып, ортаға өздерінің өнерлерін көрсетті. Жаңа жылдық шыршаға «Кел жаңа жыл» әнін 9-сынып қыздары Б.Бекмаханбетова, Э. Сәрсенбиева, Жұман Аяжан ән салып, оқушыларды таңқалдырды.
Әрі қарай 5-11 сыныптар арасында мерекелік кеш басталды. Кеш барысында жаңа жылдық мерекесімен оқушыларды мектеп директоры Т.С.Кенжебаева сөз алып оқушыларға және де ата – аналарды келе жатқан Жаңа жылымен құттықтады. Оқушыларға мәдениет үйінен, театрланған жаңа жылдық көріністер қойды. Аяз ата мен ақшақарды шақырып, оқушылар әр сыныптар бойынша жаңа жылға дайындаған өздерінің әсем әндері мен билерін билеп, өнер көрсетті. Жаңа жылдық шырша өз мәресіне жетіп, ата-аналар өздерінің ақ тілектерін айтып, алғыс білдірді.