Жолда жүру ережесі
Мақсаты :Балаларды жол-көлік қозғалысынан жарақат алудың алдын алу, сонымен қатар жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту.
Балалар біздің келешегіміздің кепілі, дені сау ұрпақ Қазақстанның қарыштап қанат жаю жолында бүгінді ертеңге жалғаушы дәнекер. Осы жолда жас ұрпаққа саналы білім мен рухани тәрбие беріп қана қою аз, біз оларға төнетін өзге де қауіптің алдын алуымыз шарт.
«Жолда абай бол!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды..
«Оқушылардың көшелерде және жолдарда өзін-өздері ұстауларының негізгі ережелері» атты әдістеме таратылды. «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты сауалнаманы мектеп психологы жүргізді. Жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету ережелері. Аяқ-қол шығып, сынғанда алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы балаларға медбике Қ. Әлімхан баяндама оқыды.
Сынып жетекшіле «Жол-көлік оқиғаларының себептері. Жол таңбаларының мақсаты.» тақырыбында жоғарғы сыныптарға, «Көше күтпеген жағдайларға толы атты әңгімелер бастауыш сыныптарға оқылды..
29 қыркүйек күні ойынды тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бала сезімін кеңейтіп, тілін ұштастырып, жол ережесін жасына сай меңгерту. көшеде жүру ережесін білу арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу мақсатында «Жолда жүру ережесін білесің бе?» атты 2 сыныбында сынып сағаты өтті.


