«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың өтілуі туралы
Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Білім бөлімінің басшысы
И.Баймағанбетовке
«Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында өткізілген іс-шаралардың өтілуі туралы
Мәлімет
Мерзімі: 15.01-06.02.2020 жыл
Мақсаты: Оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру.
Жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы әңгімелеу. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
«Абайлаңыз, бағдаршам!» жол қауіпсіздігін сақтау атты апталық іс-шарасы өтті. Бұл ашық сынып сағаты 1-11 сыныптар аралығында өтті. Ашық сынып сағатының мақсаты-оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, ережелерді есте сақтауға үйрету, жаяу жүргіншілермен автокөлік жүргізушілерінің жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгіліерін ажырата білу, жол апаттарын болдырмау. «Абайлаңыз бағдаршам» апталығы мынадай әдіс-тәсілдермен жүзеге асты: 1.Түсіндіру; 2.Баяндама; 3. Сайыс; 4. Сауалнама; 5. Ойын.
16.01.20 күні мектебіміздің 1 сыныбында (жетекшісі Г.Тоқмейлова) ашық сынып сағатына жол полициясының қызметкерлерінің Аялым Байшораның арнайы шақырылуымен оқушыларға жол ережелері және сақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ өте тартымды өтті, балалар тәрбие сағатына белсене, қызығушылықпен қатысты.Әсіресе сынып оқушылары Әбдір Мирас және Нұрғалиұлы Ислам сабақ айтқандары ерекше болды. Оқушылар жолда жүру ережелеріне байланысты суреттер сайысына қатысты, сайыс 1-4 және 5-6 сыныптар арасында өтті.
1-11 сыныптарда «Абайлаңыз, бағдаршам», «Қызыл, жасыл, сары», «Балалардың жолда жүру қауіпсіздігі» тақырыптарында өнеге сағаттары, 5-9 сыныптарда «Жол тәртібін жадыңда ұста!» жол –көлік оқиғаларынан көрсетілімдер жас ерекшеліктеріне байланысты мультфильм, бейнефильмдер көрсетілді.
2-8 сыныптарда «Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер?» психологтар, дене тәрбиесі пән мұғалімдері, сынып жетекшілерінің қатысуымен сауалнама, ойын өтті.
1-11 сыныптар аралығында сынып жетекшілерінің қатысуымен «Балаларды жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру қауіпсіздік шаралары» дөңгелек үстелдер өткізілді. Тәрбие сағатынан оқушылар жолда жүру ережесін меңгеріп, келе жатқан машинаның алдынан кесе жүгірмеу керек екендігі,жолда үнемі жүргіншілерге арналған жол арқылы жүру екендігін түсінді, басқа да көптеген ережелермен танысты. Жол тәртібін сақтау ережелерін түсіндіру шаралары мектебімізде жыл бойына атқарылады.
Орындаған: И.Тусипова
Бекітемін
Мектеп директоры
Т.С.Кенжебаева
«___»_______2020 жыл
Абай атындағы орта мектебінде «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы аясында өткізілген апталық іс-шаралар жоспары
№ | Іс-шаралар | Өтілу түрі | Мерзімі | Жауапты |
1 | «Жол қауіпсіздігі» | Сауалнама | 15.01.2020 ж | И.Тусипова Г.Эликбоева |
2 | «Қауіпсіздік және жол ережесін ұйымдастыру» | Дөңгелек үстел | 17.01.2020 ж | И.Тусипова Г.Эликбоева |
3 | «Қауіпсіз мектеп автобусы» акциясы | Сайыс сабақ | 24.01.2020 ж | А.Бақытбекқызы А.Сағындықова |
4 | Көшеде, мектепте, жолда, үйде қауіпсіз жүріп – тұруды үйрету | Сынып сағаты | 31.01.2020 ж | И.Тусипова Сын. жетекшілер |
5 | Жол ережесін білу - бәріне міндет! | Сурет байқауы | 04.02.2020 ж | А.Бақытбекқызы А.Сағындықова |
6 | Жолда жүру ережесін сақтаймыз! | Тәрбие сағаты | 05.02.2020 ж | И.Тусипова Сын. жетекшілер |
7 | Жол жүру ережесін білесің бе? | Кездесу | 06.02.2020 ж | И.Тусипова Г.Эликбоева А.Байшора |
Орындаған: И.Тусипова
«Көшеде, мектепте, жолда, үйде қауіпсіз жүріп – тұруды үйрету» Сынып сағаты
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»Тәрбие сағаты
«Қауіпсіз мектеп автобусы акциясы» Сайыс сабақ
«Қауіпсіздік және жол ережесін ұйымдастыру» Дөңгелек үстел
«Жол қауіпсіздігі» Флешмоб

