Жылдық жоспар әлеуметтік педагог
Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары
М а қ с а т ы :
- Оқушылардың тұрмыстық жағдайын және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеу
- Оқушылармен ата – аналармен және сынып жетекшілермен бірлесіп жұмыс атқару
М і н д е т і :
- Балалардың жанұядағы әлеуметтік жағдайын анықтау
- Сыныптың, жеке оқушы, отбасының әлеуметтік жағдайын зерттеу
- Баланы әлеуметтік педогогикалық қорғауға алу
- Жеке тұлғаның дамуына отбасында әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету
Күтілетін нәтиже:
- Балалардың тұрмыс жағдайы үнемі назарда болады
- Балалардың қоғамдағы рөлі айқындалады
- Жеке тұлға қалыптасады
2020-2021 оқу жылына қойылған мақсат-міндеттер:
- Балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңіне атсалысу
- Оқу-тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды
әлеуметтік педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету
- Жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек беру;
- Баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын ал
р/с | Өткізілетін іс-шара Әлеуметтік - педагогикалық оңалту | Жұмыс түрі | Жауапты | Мерзімі | Қаралатын орны |
1 | |||||
1.1 | «Қауіпті топ», аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасында тәрбиеленетін және ата-анасының қамқорлығынан айырылған білім алушыларды анықтау | Білім алушылардың жеке құжаттарымен танысу, әлеуметтік мәртебесіне қарай тізімдерін жөндеу | Әлеуметтік педагог | Қыркүйек | |
1.2 | Сыныптың, мектептің әлеуметтік төлқұжатын әзірлеу | Ата-аналарымен және сынып жетекшілермен жұмыс жүргізу | Әлеуметтік педагог | Қазан Қаңтар | |
1.3 | Оқушылар мен мұғалімдер арасында қарым-қатынас | Дөңгелек үстел | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Наурыз | |
1.4 | Білім алушылардың сыныптағы, отбасындағы жағдайын анықтау, мәселелерді шешуге атсалысу | Бақылау және әңгімелеу (оқушылармен, ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Жыл бойы | |
1.5 | «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Бала және отбасына көмек беру | Қайырымдылық акциясы | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші Ата-ана комитеті | Жыл бойы | ДЖК |
1.6 | Отбасы өмірінің жағдайын тексеру | Тексеру актісін құрастыру | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Желтоқсан Наурыз | |
1.7 | Білім алушылырдың мектеп жағдайындағы құқығын қорғау, қажетті тәрбие алуын, тағамдануын,оларға деген қарым-қатынастың уақытылы орындалуын қадағалау | Бақылау Әңгіме жүргізу (оқушылармен, ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Үнемі | |
1.8 | «Қамқор» қайырымдылық акциясы | Қайырымдылық акциясы (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Қаңтар | ДЖК |
1.9 | «Көктемгі ізеттілік» қайырымдылық марафоны | Қайырымдылық марафоны (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші Ата-ана комитеті | Наурыз | |
2. | Алдын алу жұмыстарын жүргізу. (Нашақорлық,темекі шегу, ұрлық т.б) «Жаман әдеттен сақ болайық» | Әңгіме, кеңес (оқушылармен, ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Наурыз | |
2.1 | Өз дінімізді ажырата білейік | Дөңгелек үстел өткізу арқылы оқушылардың өз дінімізді қаншалықты білетінін анықтау | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Қазан | |
2 | Диагностикалық жұмыс | ||||
2.1 | Аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорлығынан айырылған білім алушылардың қызығушылығын анықтау | Спилбергтің «Өзіндік баға берудің жеке шкаласы» тест (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог Педагог-психолог Сынып жетекші | Қаңтар | |
2.2 | Отбасымен жүргізілетін алдын –алу шаралары: -жағдайы нашар отбасыларын анықтау: -жағдайы нашар отбасыларына картотека жүргізу: -үйлеріне барып тұру: -бала тәрбисімен тыс қалған ата-анамен жұмыс | Әңгімелесу , отбасын анықтау актісін алу | Әлеуметтік педагог, сынып жетекші | Қазан | |
2.3 | Дін тәрбие діңгегі | Баяндама (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Наурыз | |
2.4 | Білім алушылардың әлеуметтік ортасын диагностикалау, отбасын, қарым-қатынас ортасын, қызығушылығын, қажеттілігін анықтау | «Мен кіммін?» анкета (оқушылармен) | Педагог-психолог Сынып жетекші | Қараша | |
2.5 | «Тәрбие басы тал бесік» | Ата-аналармен байланыс | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Тоқсан сайын | |
2.6 | Мемлекеттік емтихан тапсыратын оқушыларды анықтау | Әңгіме, кеңес (оқушылармен) | Педагог-психолог Сынып жетекші | Ақпан | |
2.7 | «Жүрегіңді мейірімділікке толтыр» | Қайырымдылық жәрмеңкесі (оқушылардың қолөнері) | Әлеуметтік педагог Педагог-психолог Сынып жетекші | Ақпан | |
2.8 | Жайсыз отбасылармен жұмыс және әлеуметтік тұрмыс актілерін жүргізу | АКТ | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Ақпан | |
3 | Әлеуметтік алдын алу шаралары | ||||
3.1 | «Мен өмірді сүйемін» | Өмірдің мәнін ұғындыру | Әлеуметтік педагог Психолог ДТІЖО | Қараша | |
3.2 | «Адамгершілік мұраттары» | Мектепішілік тәртібі төмен оқушылармен тәрбие сағаты | Әлеуметтік педагог Педагог-психолог Сынып жетекші | Қараша | |
3.3 | Оқушылардың тартылған дін бағытын анықтау | Оқушылармен әгімелесу арқылы дін бағытын анықтау | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Тоқсан сайын | |
3.4 | «Көктемгі ізеттілік» | Акция (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог | Сәуір | |
3.5 | Мектепішілік және сыныптағы шиеленіс жағдайларының алдын алу ескерту шаралары | Әңгіме, кеңес (оқушылармен, ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог Педагог-психолог Сынып жетекші | Үнемі | |
3.6 | Өзіне-өзі қол жұмсауға бейімділікті анықтау | Сауалнама | Әлеуметтік педагог Психолог ДТІЖО | Қазан | |
3.7 | «Адам болам, десеңіз...............» | Дөңгелек үстел (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші | Қазан | |
3.8 | Дін – тәрбие діңгегі | Баяндама (оқушылармен) | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Қараша | |
3.9 | «Отбасым – алтын бесігім», жағдайы төмен отбасымен жұмыс | Әңгіме жүргізу, кеңес беру (оқушылармен,ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог Педагог-психолог Сынып жетекші | Қыркүйек | |
4. | «Ата-анама көзқарас» | Шығарма 6-9 сынып оқушылары | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Ақпан | |
4.1 | «Мейірімді жүрек» | Қамқоршы және аз қамтылған ата-аналарға арналған дөңгелек үстел | Әлеуметтік педагог Сынып жетекші Ата-аналар комитеті | Қазан | |
4.2 | Сынып жетекшілермен бала және ата-ана қатынасы туралы әңгіме | Сауалнама 8-10 сынып оқушыларымен | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Желтоқсан | |
4.3 | Аз қамтылған оқушылардыңоқу үлгерімін, сабаққа қатысуын, бос уақытын қадағалау | Бақылау (Оқушылармен) | Әлеуметтік педагог | Үнемі | |
4.4 | «Өмірдегі ең басты нәрсе не?» | Дөңгелек үстел (оқушылармен, ата-аналармен) | Әлеуметтік педагог | Мамыр | |
4.5 | Имандылық жүрекке ұяласа | Кездесу | Ақсақалдар кеңесі Әлеуметтік педагог ДТІЖО | Сәуір | |
4.6 | Ізгілік өмір нәрі | Семинар | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Психолог | Мамыр |
Әлеуметтік педагог: Н. Божбанова