«Адамгершілік- асыл қасиет»
4-5 сынып оқушылары арасында «Адамгершілік- асыл қасиет» тақырыбында оқушылармен тренинг жүргізілді.
Мақсаты: Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу
Жүргізілу барысында
оқушыларға,бар назарымызды тақтаға аударайық та, адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.Адамгершілік деген не? Адамгершілік туралы біздің көзқарасымыз қандай? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады? Алдымыздағы параққа өз ойымызбен адамгершілік ұғымына жататын қасиеттерді толтырайық деп тапсырма берілді. Тапсырма бойынша оқушылар Татулық Кішіпейілділік Шыншылдық Мейірімділік Аяушылық
Сенімділік Сыйластық Адалдық деп өз ойларын жазды.
Қатысушы оқушылар осылай тақырыпты ашты. Мейірімді,қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,жан сұлулығын,парасаттылығын көрсетеді.
Оқушыларды тренингтің мақсатымен таныстырып өтті. Адамның бойындағы ұнамды-ұнамсыз қасиеттерді айта отырып, оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу.
Оқушылар,бәріміз көзімізді жұмып,әдемі әуеннің ырғағымен ішімізден жақындарымызға,достарымызға,жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.
Көзімізді ашамыз.Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз.Бұл тілек орындалмайынша ешкімге тіс жарып айтуға болмайды.Себебі, ол орындалмай қалуы мүмкін.
Қазір мына гүлді бір-бірімізге ұсына отырып,мақтау айтып,жақсы тілек жолдаймыз.Мысалы мен:« Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз.Лайым жүзіңнен күлкі кетпесін»,- деймін.Келесі оқушы әрі қарай жалғастырады.
Сонымен қатар оқушыларға бой сергіту үшін психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі тақырыпрқа байланысты бойларындағы ұнамды- ұнамсыз қасиеттерін аша білді.

