11 сынып оқушыларының ҰБТ дайындығын анықтау мақсатында алынған сауалнама
11 сынып оқушыларының ҰБТ дайындығын анықтау мақсатында алынған сауалнама
Сынып: 11
Қатысқандар: 6 оқушы.
Мақсаты: ҰБТ-ге психологиялық дайындықтарын және ҰБТ-ге деген оқушы көзқарасын анықтау.
Оқушыларға сауалнама парақшалар таратылды. Оқушылар сауалнама сұрақтарын мұқият оқып, барлық сұрақтарға жауап берді . Оқушылардың ҰБТ –ге деген көзқарастары әр түрлі мысалы Аружан ЖОО орнына түсу мүмкіндгі десе Ринат білімімді тексеру деген сияқты жауаптарды белгілеген. Жалпы көзқарастары жақсы. Пәндер бойынша дайындықтары математикадан жоғары деп бір оқушы белгілесе қалған 5оқушы орташа деп жауап берді. Қай пән бойынша өз біліміңе сенімдісң деген сұраққа 3 оқушы тарих пәнін, 2 оқушы қазақ тілін, 1 оқушы таңдау пәні (физика ) деп белгілеген. Мектепегі ҰБТ ға дайындықты оқушылр орташа деңгейде деп бағалады. ҰБТ туралы ойлағанда 5 оқушы сенімді бір оқушының бойында сенімділіктен гөрі қобалжу,қорқыныш бар екендігі анықталды.
ҰБТ-ге дайындықтарының жақсы екендігі көрінеді, себебі дайындалуға уақыттары жеткілікті. Сауалнама барысында отбасынмен қарым-қатынастарын қандай деген сауалға барлығы жақсы деп жауап берген.
Қорытынды: оқушыларға қобалжу мен қорқыныш деңгейлерін төмендету мақсатында психологиялық кеңестер беру, уақытты қалай үнемдеуге болатындығы туралы кеңес беру,отбасымен қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал жасау.
Анықтаманы дайындаған: Г.Махажанова


