04
декабрь
2020
« Күзгі уақыт»
3 сынып жетекшісі: Көшербаева А « Күзгі уақыт» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мұғалім сабақ беру әдіс- тәсілдерімен, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендіре білді. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Оқушылар мұғалмді, бір-бірлерін тиянақты тыңдап, интерактивтегі материалдарды , кітаптағы материалдарды өз беттерінше топта жұмыс істеу барысында дұрыс қолдана білді. Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға өздігінен білім алуға жағдайлар туғызды, яғни оқушылар туындаған проблемалық сұрақтарды алған білімдерін, дағдыларын қолдана отырып, жұмыс жасай білді. Оқушылар оқулықпен де, дәптермен де жұмыс істеді. Оқушылар берілген материалдарды толық меңгеріп жатыр.

