Бастауыш пән бірлестігінің айлық талдау жұмысы » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абая
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 346-00-05
Есепші бөлімі:
+7(726) 346-00-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бастауыш пән бірлестігінің айлық талдау жұмысы
25
декабрь
2020

Бастауыш пән бірлестігінің айлық талдау жұмысы

             Бастауыш  сыныптардың  18. 11.2020ж - 04.12.2020 жыл

аралығында  өтілген «Бастауышым  бал-бұлағым, лаулап жансын  шамшырағың!»  тақырыбындағы    апталықтарының  қорытынды анақтамасы

  1. 11.2020ж. бастауыш сынып пән бірлестігінің іс-шара жоспары бекітілді.Бастауыш  сынып пән бірлестігнің  кеңесінде бірлесе жоспар құрылды. Іс-шара 20 күнге  жоспарланды. Себебі әр мұғалім  үшін  бір сыныпқа үш реттен   Lesson Study  әдісі арқылы  А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеу  сабақтарын өткізіп,  өз тәжірибесімен  бөлісу  мақсаты қойылды. Іс –шараны 20 күнге жоспарлау тиімді болды. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары мен қауіпсіздік ережелерін  сақтау мүмкіншіліктері барынша қадағанды.

       Бастауыш сыныптар оқытылатын фое жаңа мазмұнды оқыту талаптарына сай безендірілді. Оқушылар бұл безендіруді жылы қабылдады.

      Бастауыш  сыныптар аралығында апталықтың ашылу салтанаты өтті.  Апталықтың ашылу  кезінде   бірлестік жетекшісі оқушыларға   жоспардың  мақсат, міндеттерімен  таныстырып  алдағы  өткізілетін ашық сабақтарға, сыныптан тыс  іс -шараларға  белсене қатысуға, өнерлерін, тапқырлықтарын ,дарындылықтарын көрсете білуге, өтіп жатқан  қашықтық олимпиадаларына белсене қатысуға шақырды.

     Жоспардағы  іс –шараларға бастауыш сыныптарға сабақ беретін пән  мұғалімдері  толық қамтылды.  Сабақ өтпеген, өткісі келмеген мұғалім болған жоқ.Жұмыс барысында – 30  ашық сабақ өтілді.  Сабақтарды өту барысында мұғалімдер үлкен дайындықтарын, жауапкершіктерін көрсете білді.

      Атап айтар болсақ, ағылшын тілі мұғалімдері : Г Бекмағанбетова, Б Сариева, орыс тілі пән мұғалімдері Музафарова Р, Тлепбергенова Г белсенділікпен шеберлік сабақтарын  өткізді. Сабақ барыснда  Р. Мұзафарова  3 сыныпқа «Круглый  год » тақырыбында   өткен сабақта грамматикалық талдау мәселелеріне барынша  көңіл бөлді. Сабақтың ғылыми деңгейіне мән беріп барлық тапсырмаларды  орындау барысында тақтаға жазу, оны талдау қажеттілігіне ерекше мән берді.  Тілепбергенова 3 сыныпқа «День и ночь- сутки  прочь» тақырыбында  ашық сабақ өткізді . Сабаққа қажет әдістерді өте тиімді пайдалана білді. Сергіту тапсырмалары да тақрып мазмұнын ашуға бағытталды.  Көрнекіліктері эстетикалық талғамға сай болды, оны тиімді пайдалана білді.Оқушылардың қызығушылықтары жақсы болды.  Десекте диолог әдістерін қосып, дәптерге, тақтаға  жазу жұмыстарын жүргізуге  мән беру қажеттілігі ұсыныс ретінде айтылды. Оқушылардың орыс тілінде сөйлеу дағдыларын үнемі назарға алып, қалыптастыру қажеттігі байқалды. Ағылшын пәні мұғалімдері Г Бекмағанбетова, Б Сариеваларда өте жоғары деңгейде өтті деп бағаланды.  Бекмағанбетова тәжірибесі қалыптасқан мұғалім. 19.11 .20ж:  Days of the week «тақырыбында Бекмағамбетова Г    ағылшын    тілінен       3 сыныпқа ашық сабақ   өткізді. Сабақта оқушылар  апта күндерін ағылшын тілінде сөйлеп,  мағынасын тауып ,сабақты аша білді . Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті. Мұғалімнің ағылшын тілінде сөйлеу дағдысы жоғары.  Сабақта тақырыптың мазмұнын ашатын тиімді әдістерді пйдаланып, оқушылардың ауыз екі сөйлеу дағдысының қалыптасқандығын көрсетті. Оқушылар ағылшын тілінде берген тапсырманы түсіне біледі.  Десек те, сабақта  дарынды балаларға ерекше тапсырмалар беру арқылы, жеке дарындылығын көрсетуге болар еді деген ұсыныстар айтылды. Сариеваның 03. 12.20ж«Teatime” «тақырыбында  сабағында мұғалімнің де , оқушылардың да шынайылығы басым болды. Мұғалім де , оқушыларды еркін.  Екі топқа жеке жеке тапсырмалар беріліп ,жарыс түрінде өтті. Қолданылған әдістері балалардың сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталды. Көрнекіліктері де ерекше болды.Ломинадталған және балардың қолданылуына тиімді , әрі тақырыпқа сай ,уақытты үнемдеуге қажеттілігі тиімді  болды. Оқушылардың қызығушылықтары да, белсенділіктері де жоғары болды.Жарыс қорытындысын шығарып, формативті бағалаудың тиімдігін көрсете білді.  Десекте оқушылардың тапсырманы дәптерге орындау мәселелері де маңызды екендігін айтқымыз келеді. Аталған мұғалімдер АКТ ны өте тиімді, еркін пайдалана білетіндіктерін көрсетті.

  Информатика пәні  мұғалімдері А. Шадиярбекова өз ашық сабақтарымен бөлісті. Шадиярбекованың 3.сынып  оқушыларына « Дыбысты жазу  және ойнату  » тақырыбында  ашық   сабақ өткізді.Сабағында мұғалім әр оқушыға комьпютермен жеке  жұмыс жасауға жағдай жасаған. Сабағында оқушылар сұраққа жылдам жауап беру үшін Kahot  программасын пайдаланды және бұл прграмманы оқушылар пайдаланып қалыптасқандығын көрсетті.  Сабақ барысында оқушылар  компьютермен жұмыс жасай алмады.  Тақырыпқа сәйкес тапсырмалар өз деңгейінде орындалмады. Тапсырмалар бойынша программалау қадамдары мүлдем жасалмады.  Десек те ,тағы бір сабағын көрсету арқылы кемшіліктері түзетілді. Балалармен жеке жұмыстың түрлері қажет екендігі анықталды. Б .Көшкінбаев  сабақтан тыс жұмыстарын көрсетті. Сабақ та өткізу қажет еді. Алдағы уақыттарда жоспарға қойылып өткізілуі қадағаланатын болады.

  Бейнелеу сабағының мұғалімі   Ұ. Ахметова   галерея әдісін қолданып үй тапсырмасы бойынша қазақтың салт дәстүріне бағытталған көрнекіліктерді пайдаланды.   Сабақтың құрылымдық ерекшеліктеріне мән бермеді. Үй тапсырмасына көп уақыт алды.  Жаңа Натюморт тақырыбы бойынша мәліметтер аз беріліп , оқушылардың жұмыс жасауына мүмкіндіктер аз болды.  Балалардың бейнелеу жұмыстары қалыптаспағандығы байқалды.Жұмаділ Б, Е  Аубакиров   сыныптан тыс іс шара түрінде өтті. Жалпы дайындықтары жеткіліксіз. Көрнекілікке көңіл бөлу қажеттігі айтылды.

  А. Көшербаева -бастауыштағы тәжірибелі мұғалім . Оның дәлелі сабақ өту барысында мұғалімдер ашық сабақтарын  3 сыныппен өткізді.  Мұғалімдер осы сыныптың сабаққа деген белсенділігін көрсету арқылы  өздерінің сабақтарын жақсы деңгейде көрсетуге мүмкіншілік алды. Ұсыныс : алдағы оқу жылында  әр  пән  мұғалімдері  әр 2,3,4сыныптардын таңдауын  және міндетіне алуы  ескерілсін.

        Іс –шара барысында  Көшербаеваның  күнделікті өз сабақтарын өзкізуге кедергілер болғаны анық. Көшербаева 1 сабақ , бір сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барыснда мұғалім оқушыларды еркін ұстайды. Ойларын еркін айтуға мүмкіндік береді. Әр тапсырманың толық орындалуына  және оны мазмұнына жіті мән беретіндігі анықталды.. Балалармен жұмыс жасау дағдысы өте жоғары. Сыныптан тыс іс шараны да биік деңгейде мұғалімнің бағыттауымен оқушылар өздерінің жоғары белсенділігін көрсетті.

Осы апталықтың ең маңыздысы  Lesson Study-зерттеу сабақтарын өту  болды. Lesson Study-зерттеуге дайындық шаралары ұйымдастырылды. Мектеп басшысы Т.Кенжебаева  әдістемелік көмектер ұйымдырып семинар өткізді. Lesson Study-зерттеуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары бойынша бірлестік арасында қызу талдау жұмыстары жүргізіліп семинанар-кеңес өткізілді. Бұл іс шараға Г.Тоқмейіованың ерекше атсалысқандығын атап өтемін. Lesson Study-зерттеуді  4 мұғалім тәжірибелеріне енгізгенін және оны практикада қолдану тәсілдерін жоғары дайындықпен көрсетті деп толық айтуға негіз бар. Атап айтар болсақ , Ұлғаным Сәрсенбиева -4 сынып жетекшісі , 2 сынып жетекшісі Гүлнар Токмейлова.Адилбекова А-1 сынып жетекшісі, мектепалды даярлық сынып жетекшісі – Б .Тәжимбетова зерттеу әдістерін көрсетті. Бұл мұғалімдер Lesson Study-зерттеу сабақтарын 3 кезең бойынша өтті. 4 сынып жетекшісі Сәрсенбиева Ұ   Әдебиеттік оқу пәнінен   25. 11.20ж«Кітап –асыл қазына», 2. 12.20ж Кім болам?,  03. 12.20ж  Мамандық  туралы  ойын тақырыбында   , 2 сынып жетекшісі Гүлнар Токмейлова математика  19.11.20ж Жүздік  -жаңа санау бірлігі,    20. 11.20ж Жүздіктерді қосу және азайту». Оқудағы  белсенділік», 23.11.20ж  Шамаларды   қосу азайту тақырыбында  ,1 сынып жетекшісі Адилбекова А  математика  пәнінен  19.11.20ж «Қосудың  ауыстырымдылық  қасиеті,  23.11.20ж Eкі таңбалы  сандар,  24. 11.20ж Екі таңбалы сандарды салыстыру  тақырыбында  , Мектепалды  даярлық  жетекшісі Тәжимбетова Б   Жаратылыс  пәнінен   27. 11.20ж«Қандай жануарларды білесің?» 02.12.20ж Жануарлар  қайда мекендейді?  04.12.20ж Құстар қайда  қыстайды? тақырыбында  3 кезең бойынша ашық  сабақтар  өткізді.

           Lesson Study-зерттеу сабағын көрсету үлкен жауапкершікті көрсетті.

 Біріншіден  қай баланы, қандай қырынан зерттеу қажеттігі анықталды.

 Екіншіден сабаққа дайындалу барысында зерттеу тақырыбына сәйкес тапсырмалар, көрнкіліктер мен әдістерді қалай тйімді пайдалану қажеттілігі таңдалды. Үшіншіден  зерттеуге қатысқан мұғалімдердің  әр сабақтан соң ұсыныстары тыңдалды.

 Төртіншіден  мұғалімдер осы жұмыстарды үлкен жауакершілікпен  және тиянақтылықпен орындады.

 

Lesson Study-зерттеу сабағы бойынша  жалпы  зерттелуші  оқушы   саны – 13 зерттелді

 

 

Зерттелуші   

оқушы  саны

 

сынып

 

    Жауапты 

Lesson Study-зерттеу

сабақ  1

Lesson Study-

Зерттеу

 сабақ  2

Lesson Study-зерттеу

 сабақ  3

 

 

Зерттеуші

 

1

       3

  Мад

 

Тәжимбетова Б

  Қимылы басым

 

  Сұрақтарға жауап берді

 

Тапсырмаларды орындай алды

Аблаева Л

Токмеилова

Адилбекова

2

       4

    2

 

 

Токмеилова Г

 

Баяу

 

 Шапшаң дыққа қалыптасты

 

 Жеке жұмыстар ға бағытталды

Кенжебаева Т

Аблаева Л

Адилбекова

Бекмағанбетова

 

3

 

       4

 

     1

 

Адилбекова А

 

Баяу

 

Дәптерге жазу тәртібін  ескерді

Жеке

жұмыстар ға бағытталды

Кенжебаева

Аблаева Л

Токмеилова

Бекмағанбетова

 

4

 

       2

   

      4

 

Сәрсенбиева Ұ

 

 Баяу

 

Көшбасшылыққа дағдыланды

 

Топпен жұмыс атқарды

Аблаева Л

Токмеилова

Адилбекова

Осы зерттеуде мұғалімдерде үлкен тәжірибе қалыптасты.   Зерттеген оқушылардың топта жұмыс жасау қабілеті артып, көшбасшылық дағдысын қалыптастыруға ықпалы тиді.  Үлгермеуші бала анықталып , сол балаға жеке жұмыс түрлері ұсынылды.Үлгермеуші оқушылармен  жұмыс жасаудың тиімді әдістері жинақталып, мұғалімдердің қоржыны қомпиды. Оқушылардың белсенділігі артып, жауапкершілігі қалыптасты, ұқыптыыққа үйренді. Баяу оқушыларды шапшаңдыққа үйрету  жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жалғасын табатындығына кәміл сенуге болады. Сабақтарда кемшіліктерде болды.  Сабақта  әдістер көп болғанымен , жеке баланы формативті бағалаудың тиімді әдістері аз болды.

 Жалпы аталған  төрт мұғалімге де үлкен алғысымызды білідіреміз. Зерттеуге қатысып  пікірлерімен бөліскен мүғалімдерге де шексіз алғысымызды білдіреміз. Олар :Л.Аблаева, Г.Бектұрғанова, Г.Тоқмейілова барлық сабақтарға қатысып белседіліктерін көрсетті

 

                 Сыныптан тыс  іс –шаралар

Жаңа технологиялардан қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен білім сапасын арттыру» мақсатында бастауыш сыныптар айлық  іс шараларын  өтті .

           18.11.20ж  «  Lesson Study –мұғалімнің  кәсіби өрлеу  жолы» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалімі Токеилова Г. Адилбекова А ұйымдастырылуымен мұғалімдерге  семинар өткізді . Бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігімізде  жұмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдану мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. Семинарда «  Lesson Study зерттеу сабағының үш кезең бойы оқушының сабаққа белсенділігін арттыруда, А,В,С дееңгейінде  баламен жұмыс атқаруын оқушының сабақта ықпалын, дарындылығын ашу мақсатында жұмыстар жүргізу жолдарын түсіндіре отырып талқыланды

  1. 11.20ж «  Педагогикалық шеберліктен , педагогикалық ынтымақтастаққа» тақырыбында  бастауыш сынып мұғалі  Тажимбетова Бақыт , Сәрсенбиева Ұлғанымның   ұйымдастырылуымен мұғалімдерге  дөңгелек үстел  өткізді .Осы атаулы іс-шарада мұғалім мен оқушы арасындағы  тіл байланыстылығы, бір бірімен жақын ынтымақтастық орнату туралы айтылды. Оқушының көңіл күйін күнделікті бақылап, тілін таба білуге, ұйымшылдыққа, жанашырлыққа баулуға ,тәртіптілікке шақыру туралы айтылды.

     27.11 .20ж 1 сынып жетекшісі: Адилбекова  А «Фигуралар  сыры » тақырыбында сыныптан  тыс  ашық   сабақ өткізді.  Мұғалім талапқа сай көрнекіліктермен, тірек сызбалар арқылы өтті. Оқушылардың жан-жақты ізденімпаз, сабаққа деген қызығушылығының жоғары деңгейде екені байқалды. Оқушылар  қосу және азайту тәсілдерін  меңгерген. Балаларды тез есептеуге, шапшаңдыққа  ұқыптылыққа  тәрбиелей отырып  топтармен  жұмыс  жасады. Ауызша, жазбаша  есептеу  дағдысын  қалыптастыра  білді. АКТ-ны пайдаланды. Сандарды қосындыдан  азайту  тәсілдерін  әр түрлі  тәсілмен  есептеуді  меңгертті. Оқулықпен, тақтамен  жұмыстар  жүргізілді. Логикалық  тапсырмалар  берілді.  Мұғалім  жаңа технологияларды  тиімді  қолдана  білді.  Барлық  ұстаздар  әр  сабақтарын  жаңа  ақпараттық технологияларды  кеңінен  қолдана  білді. Сабақтар өте тартымды, қызықты өтті.

    26.11.20ж Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Абай мұраларын ұлықтайық” тақырыбында мектепішілікұйымдастырылған іс-шара өтті .  Балаларының жетістігіне қолдау көрсету де, ата аналар тарапынан қолдаулар жақсы болды.  Іс- шараны ұйымдастырушы  бастауыш сынып мұғалімі    Токмеилова Гүлнар.Іс-шараға  1-6 сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты.

Осы  іс-шарада  мектептің кітапхана қызметкері Айдарбекова Бекзат Ұлы Абай өмірімен ,шығармаларымен ,кітаптарын оқушыларға таныстыра отырып, Абай шығармаларынан  кітап көрмесімен таныстырды.

“Абай мұраларын ұлықтайық” тақырыбында өткізілген  сайыс 3 номинация  бойынша  жас ерекшелігімен жүргізілді.

1 кезең «Жүйріктен жүйрік  озар жарысқанда» номинация(Абайдың  қара сөздерін мәнерлеп оқу сайысы)

2 кзең «Өлең сөздің  патшасы, сөз сарасы» номинация( Абай атаның шығармаларын жатқа  мәнерлеп айту )

3кезең «Көңілім әнді ұғады» номинация( Абай атаның әндерін орындау) бойынша  өткізілді.

1 кезең «Жүйріктен жүйрік  озар жарысқанда» номинация(Абайдың  қара сөздерін мәнерлеп оқу сайысы) сайысында алғырлығымен Абайдың қара сөздерін анықжеткізе білді. 3 сынып оқушысы Исахмет Перизат   қара сөздерін жатқа   оқудан бас жүлдені иеленді. 3 сынып оқушысы Нышан Еркеназ  3орынды , 4 сынып оқушысы Абай Аяжан  2 орынды, 4 сынып оқушысы Қалдыбек Б 3 орын  иеленді .

    2 кезең «Өлең сөздің  патшасы, сөз сарасы» номинация( Абай атаның шығармаларын жатқа  мәнерлеп айту ) сайысында  алғырлығымен , көзге түске , Ұлы Абай өлеңдерін әрдайым жаттап жүремін деген  1 сынып оқушысы Сәрсенбек Кәусар бас жүлдені иеленді, Байбол Бақтияр 2 орын, Бірімқұл Кәусар 3 орын алды.Осы  кезең  бойынша 2сынып оқушысы Елтай Мағжан бас жүлде, орын, Абай София  1 орын,Жомарт Аружан, Оңласын Әдемі  2орын, Қалдыбек Дария 3орын иеленді.

    3кезең «Көңілім әнді ұғады» номинация( Абай атаның әндерін орындау) бойынша  өткізілді.Бұл кезеңде 5 сынып оқушылары Абайдың  «Көзімнің қарасы» әнін орындауда 1 орынды , 6 сынып оқушылары 2 орынды еленді.

Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған “Абай мұраларын ұлықтайық” тақырыбында мектепішілікұйымдастырылған іс-шараға қатысқан барлық оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, еш қалыс қалмады.

  1. 12 .20ж

4 сынып жетекшісі: Сәрсенбиева  Ұ « Жол тәртібін жадында ұста   » тақырыбында  сыныптан тыс   сабақ өткізді. Оқушылар  жол ережелерімен таныса отырып, күнделікті  жол тәртібін сақтап жүруді кеңінен әңгімеледі.Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті

    Мұғалім сабақ беру әдіс- тәсілдерімен, көрнекіліктер мен құралдарды оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне мүмкіндігінше сәйкестендіре білді. Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. 

  1. 12 .20ж Мад сынып жетекшісі: Тажимбетова  Б  «Құрастыруды  жақсы көрем » тақырыбында  сыныптан тыс  сабақ өткізді.

Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. Құрастыру жұмыстарын орындап, әңгімелеп  айта білді. Балалар белсенділігі жақсы.

  1. 12 .20ж 3. сынып жетекшісі Көшербаева А« Жақсыдан үйрен ,жаманнан жирен » тақырыбында  сыныптан тыс   сабақ өткізді.

Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. Оқушылар  жол ережелерімен таныса отырып, күнделікті  жол тәртібін сақтап жүруді кеңінен әңгімеледі.Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерінде белсенділік пен ұйымшылдық көрсетті

  1. 12 .20ж информатик мұғалімі : Көшкінбаев Бақытжан 4.сынып  оқушыларына « Эрудит интеллектуалды  ойыны » тақырыбында    сыныптан  тыс   сабақ өткізді. Сұрақ- жауаптар түрінде өткізілді. Интерактивті тақтамен өткенімен тиімділігі аз болды. Оқушылар еңбегі бағаланбады.
  2. 12 .20ж Дене шынықтыру пәні мұғалімі. Жұмаділ Бақытжан

4 сынып оқушыларына «  Эстафеталық  ойын    »  сыныптан тыс   сабақ өткізді.

Ұсыныс : алдағы уақытта бір сабаққа қажетті материал жасаса  , пайдаланатын материалдар қоры ның артуын ескерген  дұрыс .

25 .11.20ж

Дене шынықтыру  пәні мұғалімі. Аубакиров Е     3 сынып оқушыларына «  Ұлттық ойын «Асық  ату»»  сыныптан тыс   сабақ өткізді.

Сабақта дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды(интерактивті тақта, компьютерлер,) тиімді пайдаланды. .Асық атудың ережелерімен таныстыра отырып , ойын жүргізді .

Жалпы жоспарланған сабақтар мен іс-шаралардың барлығы өз уақытында толық өткізілді. Апталықта өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды,өз деңгейінде аталынып өтті.

             Үздік дәптерлер көрмесі  1-4 сыныптар аралығында қамтылды. Тоқтала кетсек : 1 сыныпта-3 оқушының үлгі дәптері,2 сыныпта-3 оқушының үлгі дәптері, 3 сыныпта-2  оқушының үлгі дәптері, 4 сыныпта- 1оқушының үлгі дәптері  көрініс тапты. Дәптердің тексерілуінің  жүргізілуі   ескертілді.

1-4 сыныптар аралығындағы оқушы санымен  салыстырғанда  үлгі дәптер өте аз  болды.

Ұсыныс:  алдағы оқу жылында  дәптерлердің дұрыс жүргізілуі мен  әр  сынып  бойынша  үздік оқушылардың  дәптерлерін   көрсету әр сыныптың 50 пайызынан жоғары болуы ескерілсін.

Жетістіктер :

Оқушы  жетістігі  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақ бота» интеллектуалдық марафона  3-4 сынып оқушылары қатыстырылды..

3сынып Көшербаева А-2 оқушы  қатыстырып  2 орын иеленді, 4сынып Сәрсенбиева Ұ   -2 оқушы  қатыстырып  2 орын иеленді, Токмеилова Г -2 оқушы  қатыстырып  2 орын иеленді,Адилбекова А- 6 оқушы қатыстырып, 1- 1 орын 5 оқушы 2 орын алды.

Мұғалім жетістігі : Edulife . kz. Қашықтық олимпиадасына 2 сынып жетекшісі Токмеилова Г ,1сынып жетекшісі Адилбекова А қатысып 1 дәрижелі диплом алды.

1-2сынып оқушыларын қашықтық олимпиадасына қатыстырып Токмеилова Г- 3 оқушы ,Адилбекова А  3  оқушы қатыстырып 2-1,2,3 орындарға ие болды.

Ұсыныс : алдағы уақытта қашықтық олимпиадаларға барлық үздік оқушылардың  және   сыныптардың   қамтылуын   міндеттеу жүктелді.                                     Баспа беттеріндегі мақалалар

2020ж   Мұғалім  жетістігі «Озық сабақ» республикалық басылымына Токмеилова Г,Тажимбетова Б, Адилбекова А  үздік қмж сабақтары жарияланды.

Алдағы уақытта  бастауыш сынып апталықтарында жүргізілген сабақтар  баспа бетіне жариялау жоспарлануда.

 Мектеп сайты мен физбук  парақшаларына апта бойы өтілген – 30 сабақ толық сайтқа  жүктелді. 

Бастауыш сыныптарының апта бойы  атқарған  жұмыстары орасан зор.

 

 

 

Бастауыш  сынып  әдістемелік бірлестігінің 2020-2021  оқу жылындағы алға қойған

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:

2020-2021 оқу жылындағ  апталықтың  қорытындысы бойынша кемшіліктерді ескере отырып, келесі оқу жылында атқарылатын жұмыстар төмендегідей:

  • оқушыларға білім берудің және оқыту үрдісінің сапасын көтеру
  • оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдануын дамыту;
  • барлық пәндерден электрондық оқулықтардың,ақпараттық технологияларды  пайдалануын дағдыға айналдыру

               -Республикалық, облыстық марафон,интеллектуалды олимпиалар жеңімпаздарын шығару;

  • аудандық, облыстық, қашықтық, республикалық олимпиадаларға  мұғалімдер мен оқушыларды дайындап, қатысуына талап қою;
  • педагог мамандарының кәсіби шеберлігін көтеруіне бағдарланған шығармашылық топтың жұмысын жетілдіру
  • педагог мамандарының инновациялық іс-тәжірибелерін видеосабақтар түрінде  жинақтау жұмысын ұйымдастыру, сапасын, тиімділігін анықтау;
  • квалификациялық деңгейлері( тест жұмысына дайындық) санатты мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үнемі бағалау, бақылау жүйесіне енгізу

                        Ұсыныстар:

  1. Бастауыш сынып мұғалімдері : А.Көшербаеваға , Ұ.Сарсенбиеваға, Г.Тоқмейіловаға, А.Әділбековаға, Б.Тәжімбетоваға  алғыс жариялансын
  2. Ғылыми –жобалау жұмыстары көрініс таппады. Ғылыми –жобалау жұмыстарын дайындап  осы оқу жылы  ішінде  көрсетілсін
  3. Сыныпаралық интеллектуалды ойындар мен « Зерде» математикалық ,логикалық интеллектуалды жарыс ойындары қамтылмады. Алдағы уақытта  қамтылуы  ескерілсін.

 

 

 

 

 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив