Абай атындағы орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысының жылдық талдауы
Абай атындағы орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылында атқарылған тәрбие жұмысының жылдық талдауы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуіріндегі №227 бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды негізге ала отырып жұмыс жасалды.
Тәрбиенің мазмұны:
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.
Мектептің тәрбие беру жұмысының тақырыбы:
Жас ұрпақ тәрбиесінде жалпы азаматтық – патриоттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, тәрбие үрдісін жандандыру.
Мектептің тәрбие жұмысының мақсаты:
Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасындағы оқушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін - өздері танытуларына, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал жасау;
- оқушыларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
- жеке тұлғаның өзін - өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбие тұжырымдамасының негізгі 9 бағыттарына сәйкес мектептің тәрбие жұмысының және сынып жетекшілердің жылдық жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілген:
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
- Рухани-адамгершілік тәрбие
- Ұлттық тәрбие
- Отбасы тәрбиесі
- Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
- Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
- Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Бала тәрбиесі қай заманың, қай қоғамның болсын, ойшылдары мен зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіретіні анық Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған, онда ақылы мен білімі толысқан, жан – жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады, демек мектеп деген қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілікті жүктейді.
Биылғы оқу жылын МАД тобын қосқанда 12 сынып және 12 сынып жетекші «Жас ұрпақ тәрбиесі жалпы азаматтық – патриоттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, тәрбие үрдісін жандандыру» тақырыбында жұмыс жасауда. Сонымен қатар сынып жетекшілер тәрбие жұмысын ҚР Білім туралы Заңын, Бала құқығы туралы Конвенциясын, ҚР Бала құқығын қорғау заңын, ҚР үздіксіз тәрбие беру тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып жүзеге асыруда. Сынып жетекшілер сыныптарындағы оқушылардың сабақтан қалмауын және 1-11 сыныптар аралығында I ауысымда мектеп кезекшілігі атқарылуын жүзеге асыру қажет.
1-11 сыныптар бойынша тәрбие деңгейінің көрсеткіші
Әртүрлі бағыттағы тәрбие айлығы іс-шаралар
2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау мен қолдану туралы бұйрық шығарылып, жылдық жоспар жасалынды. ҚР 2012 жылғы 28 маусымдағы «ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері туралы Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №23-В Конституциялық Заңына мектепте Мемлекеттік рәміздер ретке келтірілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, содай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнің мәтінін орналастыру туралы ережесі бойынша әр сынып талапқа сай сынып бөлмелері жабдықталды.
Осы аталған бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталар болсақ:
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектеп өмірінде дәстүрге айналған 1 қыркүйек – Білім күні Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағыттары бойынша мектебімізде «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында білім күні мен «Адалдық сағаттары өткізілді. Абай атындағы орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылына арналған салтанатты жиын «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында өткізілді. 2020 жылы елімізде «Еріктілер» жылы болып жарияланды. Білім күніне Сарысу ауданы әкімінің өкілі Төлеубаев Қанат Шалабайұлы, Аудан әкімі білім беру бөлімінің әдіскері Жұмаділдәқызы Райса қатысты.
Білім күнін мектеп директоры Т.Кенжебаева оқушылармен ата-аналарды және ұстаздарды құттықтап, Биылғы оқу жылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихынан ойып алар өзіндік орны бар жыл. Себебі 2019 жылы «Жастар» ,ТМД елдерінде «Кітап»жылы деп жарияланды,2020 жылы дана ақын, ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығы аталып өтеді, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанымыздың тәжірибесінен туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы негізге алынуда, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі,яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай,олардың өзегіне айналады»-деп атап көрсетті. Білім күніне арнайы келген қонақтар оқушыларға өз құттықтауларын білдіріп ,салтанатты жиынды тамашадады.
«1 қыркүйек-Алғашқы қоңырау» жиынын өткізді.
1 – қыркүйек күнінен бастап оқушыларды патриоттық тәрбиеге тәрбиеледік. Әрбір сынып жетекшілері өз сыныптарында «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында ашық тәрбие сабақтарын өткізді. 7 сынып оқушылары «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өте жоғары деңгейде өткізді. Аблаева Ләззат оқушыларға біздің Отанымыз Қазақстан мемлекетіміздің тәуелсіздігін алғалы Қазақстан Республикасының қалай өсіп, дамып келе жатқандығын жақсы түсіндіріп өтті. Оқушылар «Отан», «Патриот» туралы тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтып жарысты. Сабақты қорытындылай келе Жуманова Ақерке «Үш бақытым» өлеңін айтты.
«Адалдық сағаттары» өткізілді.
Абай атындағы орта мектебі бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.
«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы 2019 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке» ұранымен өткізіліп жатыр. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Осы мақсатта мектеп директоры Т.С.Кенжебаеваның тарапынан 5 оқушыға мектеп формалары,аяқ киімдер және сумкалар берілді. Демеушілер есебінен 7 балаға мектеп құрал-жабдықтарымен сумкалар таратылды. Жалпы соммасы 30000 мың тенге.
10.09.2019 жылы сағат 1000-ден-1700-ге дейін «Жас Ұлан» ұйымына басшы сайлау яғни Ұланбасы сайлауы өткізілді. Ұланбасыға үміткерлер 10 сынып оқушылары Әбілқасым Сержан мен 8 сынып оқушысы Жанқара Әмина. Үміткерлер алдын ала өздерінің бағдарламаларын топ жиынында ұсынған болатын.
Ашық дауыс беру түріндегі сайлау қорытындысы бойынша «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2019-2020 оқу жылына Ұланбасы болып 8 сынып оқушысы Жанқара Әмина сайланды. Сайлау қорытындысы топ жиынында хабарланды.
5– қыркүйек тілдер мерекесі күніне орай «Тіл -достықтың мекені» атты мекрекелік іс – шара үш тілде өткізілді. Осы мерекелік іс – шарада 7- сынып оқушылары әдеби мантаж ұсынып. «Рух пен тіл» атты хор айтып, күй қобызын тарту етті.
Осымен қоса «Жас Ұлан» ұйымы «Өз тіліңді құрметте, өзге тілдің бәрін біл » деп мақал мәтелдер айтты.
«Тіл -достықтың мекені» онкүндігі
20.09.2019жылы «Туған өлке-тұнған тарих» тақырыбында бейне ролик байқауын өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында еліміздің киелі жерлерімен тарихи орындарына саяхат жасап,мәлімет жинақтау.Осы мақсатта мектеп оқушылары өздерінің арнайы жасаған бейне роликтері арқылы ауылымыздың киелі жерлері мен тарихи орындарына саяхат жасап,аулымыздың тарихымен кеңінен танысты.
«Туған өлке-тұнған тарих» саяхат
Қыркүйек айында «Қауіпсіз жол» ауциясы өткізілді. Акция барысын мектеп инспекторы А.Байшора өткізді.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау,жолда жүру ережелерін насихаттау мақсатында арнайы онкүндік жоспар жасалып атқарылды. Осы мақсатта алдына алау шаралары жүргізіліп, «Абайлаңыз балар» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.1-4 сынып оқушылары арасында «Біз жол ережесін білімезбе?» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сынып жетекшілер қаупсіздік журналдарын арнап оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп инспекторы А.Байшора жол қауіпсіздігінің ережелерімен таныстырып,слайдты көрсетілім көрсетті. Мектеп бойынша 1-8 сыныптардағы көшеде жүру ережелерінің сабақтары өткізілді. Оқушылар арасында жол қауіпсіздігін насихаттау жұмыстары өз жалғасын табуда.
Мектеп бойынша санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы комиссия құрамы бекітіліп, оқушылардың гигиеналық талаптарына сай әр аптаның жұма күні «Денсаулық күні» болып бекітіліп тексеріс жұмыстары жүргізілуде.Мектеп мейірбикесі тарапынан «Сала уатты өмір салтын насихаттау» мақсатында кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
«Жас Ұлан» оқушылар комитетінің, Денсаулық министірі күнделікті оқушылардың гигиеналық талаптарын тексеру жұмыстарын жүргізуде.
22 қыркүйек –Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында апталық жоспары жасалып бекітілді. Оған 4-5-7 сынып жетекшілері түрлі тақырыпта іс шаралар өтті. ана тілі туралы газеттер шығарса. 7 сынып оқушылары тәрбие сағаттарын өтті.
«Қазақстан – достық мекені» апталықтың ашылуы
27.09.2018 жылы мектеп акт залында «Жастар – біздің болашағымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел концертті бағдарламар ұйымдатырылып Ауған соғыс ардагерлерімен кездеу болды. 1-11 сынып оқушылары белсене қатысып өз өнерлерін ортаға салып, ән салып, би билеп, көрністер көрсете білді.
27.09-04.10.2018 жыл аралығына «Қала күні» атты тақырыпта іс-шаралар жоспары жасалынды. Мектеп акт залында қала күніне байланысты түрлі газеттер шығарылды. «Менің сүйікті қалам – Жаңатас!» тақырыбында шығармашылық жазу байқау ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылып мадақтау грамотасымен марапаттады. «Біз Тәуелсіз Қазақстанның балалалары!» атты флешмоб ұйымдастырылды.
«Менің сүйікті қалам – Жаңатас!» флешмоб
Қазан айның 1 күні «Қарттарым асыл қазынам», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» акциясы болды. Үлен көлемде құттықтау кеші болып қариаларға әкімшілік тарапынан силық табыс етілді. Соңынан Онда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек жасау тәлімгер Тусиова Индира 7 сынып оқушыларымен Айқан апамызға барып әңгімелесіп көмек беріп қайтты. Апаға орамал жауып үйінің ауласын сыпырып тазалап берді.
Қазан айының бесі күні «Ұстаз мектептің жүрегі!» атты ұстаздар мерекесі өткізілді. Мерекелік кешті мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы: Кабулова Гулдана Расулқызы мектеп мұғалімдерін төл мерекесімен құттықтады. Жас Ұлан Жас қыран ұйымы ұстаздарға арналған кеште өз өнерлерін көрсетіп, көңілді күй сыйлады.
«Ұстаз мектептің жүрегі!» атты ұстаздар мерекесі өткізілді.
Қазан айының онекісі күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Элекбоеваның ұйымдастыруымен “Жасөспірімдерің қауіпсіз жыныстық дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында онкүндіктің ашылуы өткізілді. Онкүндікте мектеп психологы Палымбетова Мереке «Жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесі»тақырыбында баяндамасы тыңдалды. «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстың алдын алу»тақырыбында әлеуметтік педагог Орақ Арай коучинг өткізсе, психолог Палымбетова Мереке «Адамгершілік жыныстық тәрбие-сенімді отбасының белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Сынып жетекші Бақытбекқызы Ардақ «Мен зорлық зомбылыққа қарсымын» тақырыбында онкүндік барысында 10-11 мсынып оқушылар арасында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар арасындағы зорлық –зомбылықтаң алдын алу мақсатында арнайы ата-аналар жиналысы өткізіліп,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Онкүндік іс-шара өз дәрежесінде өткізілді.
29 қазан күні жоспар бойынша 7 – 8 сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы – 2019» байқауы өткізілді. Байқау 4 кезеңнен тұрды.
Бас жүлде 9 сынып Мамек Балауса иеленді
Әділқазылар алқасы байқаудың әр кезеңі бойынша жеке-жеке тоқталып, талдап, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттаптады. Бас жүлдені 7 сынып оқушысы Камардин Жанару иеленді.
Қазан айының соңғы аптасында «Парасатты отбасы» сайысы өтті. Байқауға 5 отбасы қатысып, байқауда өз өнерлерін ортаға салды. Байқаудың жеңімпазы Есенеровтер отбасы бас жүлдеге ие болды.
«Парасатты отбасы» сайысы.
1 желтоқсан күні «Тұңғыш Президент» күні мерексіне арналған мектеп ішілік тәрбие сағаттары болып өтті. оқушылар түрлі әзілдер көрсетіп Елбасының өмірінен баяндама оқылып мектеп басшысы Кенжебаева Тұмар Сәдібайқызы құттықтау сөз сөйлеп оқушыларды шаттандырып тастады. Сынып жерекшілер ашық тәрбие сағаттарын өтіп , елбасының өмірінен слайд жасап таныстырып жатты.
Абай атындағы орта мектебінде «1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өткізілетін іс – шаралар жұмысының жоспары жасалып мектеп директорының тарапынан бекітілді. Бастауыш сыныптар «Ел ертеңін ойлаған Елбасы», «Біздің Елбасы» тақырыптарында сынып жетекшілері Г.Тоқмейлова, А.Көшербаева, Ұ.Сәрсенбиева, Б.Тәжімбетова 26-30 қараша күндері тәрбие сағаттарын өткізді. Ал жоғарғы сыныптарға сынып жетекшіл «Елбасы тірегіміз», «Елбасы мұраты – ел мұраты», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Менің елім – Менің Президентім», «Елбасымен жасампаздық жолында» тақырыптарында 5-10 сыныптарға тәрбие сағаттарын өткізді. Мектеп тәлімгері И.Тусипованың ұйымдастыруымен «Ерен Елбасы, кемел Көшбасшы» тақырыбында, 8 - 10 сынып оқушыларының қатысуымен әдеби сазды бағдарлама өтті.
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Менің елім – Менің Президентім», «Елбасымен жасампаздық жолында»
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағыты бойынша 1 желтоқсан– ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АИТВ/ЖИТС–мен күрес күніне орай өткізетін іс шара жоспарын құрып мектеп директоры тарапынан бекітілді. Жоспар бойынша «1 желтоқсан - ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АИТВ/ЖИТС–мен күрес күні» тақырыбында мектеп мейірбейкесі Қ. Ашимова 9 – 11 сынып оқушыларына слайд көрсете отырып түсіндіру жұмысын жүгізсе, ЖИТС -ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматты жауапкершіліктерін орнықтыру мақсатын «Спид» жайлы ақиқат тренингінде 9–11 сынып оқушылары қойылым қойып арнауларын оқыды және өздері дайындаған бейнекөрністер көрсетті. Аталған тренингке аудандық ЗОЖ орталығының психологы, заңгері, дәрігерлері қатысып оқушыларымыздың сұрақтарына жауап берді.
«Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесіне орай 1 – 10 сынып оқушыларына сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын өткізді.
«Болашаққа бағдар: Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында және Тәуелсіздік мерекесіне орай мектеп тәлімгері И.Тусипованың ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектебінде “Жасай бер жаса, тәуелсіз мәңгілік ел” оқушылар арасында конференция өтті. 7 – 8 сынып оқушыларының қатысуымен конференцияда қазақстан мемлекетінің қалыптасуы, репрессия, ашаршылықтың ауыр зардаптар т.б. тәуелсіздікке жету жолында халқымыздың басынан өткен оқиғалар жайлы тарихқа көз тастай отырып әңгімелеп берді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Екі жүз жылдай патшалық Рессейдің отары, жетпіс жылдан астам Кеңес үкіметінің бұғауында болған Қазақстан егемен ел болды. Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды» - деп оқушылармен өткен конференция қорытындыланды.
Сонымен қатар мереке ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тапты. «Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Ауыл әкімі мен мектеп директоры Т.С.Кенжебаева оқушылар мен ұстаздарды тәуелсіздік күнімен құттықтап мерекелік кешті ашып берді.
Мектебімізде 27 желтоқсан күні мектеп алды даярлық топтары және 1 – 7 сынып оқушыларының «Қош келдің, жаңа жыл!» тақырыбында мерекелік іс – шарасы өтті. Іс шара барысында 28 желтоқсан күні 8–11 сынып оқушылары арасында «Жаңа жылға саяхат» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Онда оқушыларымыз әннен шашу шашып, би билеп, ойын ойнап, жүргізушілеріміздің берген тапсырмаларын орындады, мерекелік кеш өте көңілді өтті.
Абай атындағы орта мектебіндегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Аблаева мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі И.Тусипованың ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында «6 ән, 6 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылған мектепішілік «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында байқау өткізілді.
Байқау барысында оқырмандарымызды кітап оқуда рухани байлығымыздың кеңеюіне жол ашатын айта отырып, кітаптың шығу тарихы, кітап оқудың пайдасы туралы бейнекөрністер көрсетілді. Байқауға 5 – 11 сынып аралығында 9 оқушы қатысып, оқушылар оқыған кітаптарының ішінен өздеріне ұнаған тақырыптың мазмұнынана, кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз жақтарына тоқталды.
Мектебіміздің директоры Т.С.Кенжебаева өз сөзінде: - Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі екенін айта отырып байқауды қорытындылап, марапаттады.
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Балалардың қыс туралы білімдерін жетілдіру. Суреттер бойынша әңгімелеу.
Абай атындағы орта мектебі бойынша 1-4 сынып оқушылары арасында өткізілген «Қыста талай қызық бар» тақырыбындағы сурет байқауы өткізілді. Байқаудың өткізудің мақсаты - Қыс мезгілі туралы түсінік беру. Балалардың қыс туралы білімдерін жетілдіру. Суреттер бойынша әңгімелеу. Сурет байқауында 4 сынып оқушысы Қырғызбай Қарақат жүлделі орынмен марапатталды. Сонымен қатар 3 сынып оқушысы Сұлтан Рамазан І орынды, ал 2 сынып оқушысы Атейбек Ақниет ІІ орынды женіп алса,ал 4 сынып оқушысы Тарпан Серінұр ІІІ орынды иеленді.
Мақсаты: Баланың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір-бірімен қарымқатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа, шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
15 қаңтар күні мектебімізде 1-10 сыныптар арасында «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді. Оқушылар үйден дайындап әкелінген түрлі дәмді тағамдар самса, Кекс, пирог, рулет, торттар, чибурики, бәліштер пісіріп дайындап әкеліп сатты. Сауда жасау барысында түскен қаржыны әр сынып жетекші әкеп өткізілді. Нәтижесінде 11500тг қаржы түсті. осы түскен ақшаға мектебіміздегі жағдайы төмен оқушыларға оқу-құралдарымен қамтамасыз етілді. Жақсы атсалысқан сынып жетекшілер мен оқушылар марапатталды.
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан-жақты болуға баулу. Білуге , үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, ой қозғау, сұрақ –жауап.
Сайысқа 5-7 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді. Ойынды География пәнінің мұғалімі Б.Қожамқұл жүргізді. Балнұр апай оқушыларға әр пәннен бірнеше сұрақтар қойып сол сұраққа дұрыс жауап берген оқушылар ойынға қатысты. Ойын 5 кезеңнен тұрды. Бәйге, Полиглот, Жорға, Мақал-мәтелдер, Музыка. Осы сайыс қорытындысы бойынша 7 сынып оқушысы Қоңыратпай Марал мен 5 сынып оқушысы Марат Торғын оқбойы оза шауып финалға жетті. Екі қатысушыға 1 минутта 15 сұрақ қойылды. Нәтижесінде 7 сынып оқушысы Қоңыратпай Марал «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды. Қатысқан оқушылар алғыс хатпен марапаттталды. Ойын қызықты әрі тартысты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Абай атындағы орта мектебі бойынша директордың тәрбие ісі жөңіндегі орынбасары И.Тусипова мен педагог–ұйымдастырушы А.Бақытбекқының ұйымдастыруымен 5-9 сыныптар арасында «Мәңгілік ел- бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық» тақырыбында конференция өткізілді.
Бағдарлама бойынша Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипова «Мәңгілік ел- бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық» тақырыбында баяндама оқыды.
Бағдарлама бойынша мектеп кітапханашысы Айдарбекова Бекзат апай ұйымдастыруымен «Тарихты туындатушы ұлы тұлға» тақырыбында оқушыларға кітап көрмесі көрсетілді. Сәлемдесу бағдарламасында оқушылар Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» мақаласына кеңінен тоқталып, үш тілде өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар қазақ елінің өткенімен бүгіні тақырыбында сахналық қойылымдар көрсетті.
Мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нұрғалиева Әлия апай «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында оқушыларды төрт топқа бөліп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» дегенді қалай түсінесіңдер?- деп сұрақ қою арқылы постермен жұмыс жасатты.Слайдты көрсетілім арқылы электронды оқулық тыңдатты. Ұлттық ойындарды насихаттай отырып «Асық ату» ойынын ойнатты. Қорытынды кезеңінде «Ақылыдының алты қалпағы» әдісі арқылы бүгінгі коучингтен алған әсерлеріңіз қандай ?-деп кері байланыс жасатты. Конференция өз дәрежесінде өткізілді.
Мақсаты: а) Мемлекеттік рәміздер туралы оқушылардың білімдерін тереңдете отырып, саяси сауаттылықтарын арттыру арқылы қазіргі кездегі мәртебесінің төмендеп кетгендігін жеткізу, рәміздердің маңыздылығын ұғындыру;
ә) Мемлекеттік рәміздерді құрметтей алатын, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жеке тұлға дамытуға жағдай туғызу;
б) Рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін сүюге баулу.
Абай атындағы орта мектебінде 7-10 сыныптар арасында педагог-ұйымдастырушы А.Бақытбекқызының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер- үлт мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары И.Тусипова «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында баяндама оқылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Оқушылар арасында еліміздің мемлекеттік рәміздерінің авторларын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің түр-түсін білуге, ҚР-ның мемлекеттік рәміздерінің элементтерін білуге,Мемлекеттік Гминін мемлекеттік тілде дауыстап айтуды үйретуге, мемлекеттік атрибуттарға құрметпен қарауға, ҚР азаматы ретінде мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатында, мемлекеттік рәміздердің жасалу тарихын білуге, мемлекеттік атрибуттарға құрметпен қарауға,ҚР-ның азаматы ретінде мақтаныш сезімдерін қалыптастыру болса, ҚР-ның рәміздеріне құрметпен қарауға,ҚР-ның мемлекеттік Гимнің қандай жағдайларды орындалатыны туралы, олардың орналасу ережесі туралы білуге құрметтеуге Ант етті. Оқушылар Мемлекеттік рәміздердің мәртебесі туралы презентация қорғап. Топтық жұмыстар жасалынды.«Төбеңнен елдік нұрын тұрған құйып, өмірде ешнәрсе жоқ Тудан биік» ұраны аясында әр топ Мемлекеттік рәміздерді қастерлеп құрметтеу жолында қандай шараларды ұйымдастыруға болатындығын талқылап, жариялайды.
2020 жылы 12 ақпан күні мерзімді басылымдар залында «Жастар, жат қылықтардан аулақ болайық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жастар арасында өткізілген дөңгелек үстелде жастардың қазіргі қоғамда өршіп тұрған мәселелері мен жастар арасында болып жатқан құқық бұзушылық, суицид, діни экстремизімге қарсы т. б. жастарды жат қылықтардан алшақтатудың жолдары ұсынылып, пікір алмастырып, жастар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелде мектеп оқытушыларымен сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты.
Абай атындағы орта мектебінде «Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстын алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шарада мектеп директорының тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары И.Тусипова, директордың құқықтық тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары Г.Эликбоева, мектеп психолыгы Г.Махажанова қатысты.
Семинардың сөз сөйлеу барысында директордың құқықтық тәрбие ісі –жөніндегі орынбасары Г.Эликбоева бастады. Өткен он жылдықта кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық құқық бұзушылықтардың өсуі оның құрбандары ең осал санаты болып табылады, өйткені, жаһандық сипатқа ие болып, қоғамның ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Алайда, көптеген жағдайларда, кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілдері баланың жыныстық зорлық жариялығы фактісін ниет емес деп, полицияға баруға бас тартады.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы жас ұрпақтың қорғау басым кәмелетке толмағандардың құқықтық қорғау болып табылатынын атап өтті. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық барлық осы жаңа Қылмыстық кодексінде жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар үшін санкцияларды қатайту дәлел өте тығыз кесіп тиіс 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген.
Бірінші кезекте қылмыс жасауының алдын алу мақсатында ата-аналар оны баласына қауіпсіздігінің ережелерін уйрету қажет. Егер сіз, үйге кіріп оларды мүмкіндік көшеде бейтаныс сөйлесіп, біреудің көлікке түсіп, бейтаныс адамдардаң сыйлықтарың алмау балаға түсіндіру. Маскүнемдер тәуекел тобынан, нашақор әсерінен баланы қорғау үшін қажет.
Сонымен қатар зорлау, жыныстық шабуыл сол фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу нәтижесі көптеген қылмыс қыздар туыстары, көршілері таныстарының жасаған деп көрсетеді. Сондықтан ол әр ата-ана өз баланың бос уақытын қадағалап, ұялы телефоның қоңырауларын, смс хаттар және жаңа байланыстар тексеру қажет. Мектепте сынып жетекшілері бейберекет, күнкөрісі төмен отбасылар, жартылай отбасынан тұратын балалардың көбірек мұкият болуы тиіс. Кенеттен, баланың көңіл-күйін қадағалауға және оның оқшалау себебін білуге, жиі отбасына баруды, психологтардан көмек іздеу, балалардың агрессиясы қайдан пайда болуың білу. Ювеналды полиция инспекторлар қызметкерлерінің тобы және білім беру мемлекеттік мекемелері қамқоршылық етеді, сонымен қатар өзара іс қимылы үлкен рөл атқарады. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісті.
«Абайды оқы, таңырқа...» әдеби-сазды кеш.
Мақсаты: Ұлы ақын Абай шығармашылығын ата мұрамыз ретінде қабылдап, жаңа буын жас ұрпаққа танытып, терең меңгерту.
Қазақ поэзиясының алыбы Абайдың 175 жылдығына орай Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Абайды оқы, таңырқа!» атты кеш өтті.
– Әлем қазақтың ұлы ақынын алғаш Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы арқылы білді. Кейін ақынның шығармалары араб, ағылшын, орыс, қытай тілдеріне аударыла бастады. Бірақ Абай ұлттық ақын болғандықтан, оны кез келген ақын аудара алмайды. Ұлттық ақынды түсіну үшін тілді, халықтың рухани табиғатын түсіну, оны терең ұғыну шарт. Абайды жаңа дүние тұрғысынан насихаттау дәуірі басталып келеді.
Абайдың өлеңдерін оқып, шығармаларын жүрегіне түйіп өскен ұрпақтың болашағы жарқын болады, – деді мектеп директоры
Кеш барысында жас буын ұлы ақынның поэзиясына тоқталды. «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің мұғалімі Н.Божбанова Абайдың «Сегізаяқ» өлеңін нақышына келтіріп оқыса, 8-сынып оқушысы Өмірбекова Әмина Абайдың дәл сол «Сегізаяқ» өлеңін әнімен айтып, көпшілікті тамсандырды.
– Мен Абай атаның қара сөздерін, өлеңдерін оқып өстім. Анам әдебиет пәнінің мұғалімі болғандықтан, бала күнімізден Абай Құнанбаевтың ұлы ақын екенін түсініп, ол туралы түсірілген фильмдерін де көріп шықтым. Жазушы Мұхтар Әуезов жазған «Абай жолы» шығармасын да оқыдым. Өзім де өлең жазып, әдебиетші, ақын болғым келеді, – деді кешті тамашалауға келген 11-сынып оқушысы Қошқарбай Әлихан.
Оқушылар Абай атамыздың өлеңдері мен қара сөзерін оқып, сахналық қойлым көрсетті.
Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Қазақ Елі Тәуелсіздік алғанда Қазақстанды мекендеп жатқан он сан этностар мен ұлыстар бізбен бірге қуана отырып, дархан жүректі, ізгі тілекті, баршаны бауыр санаған шапағатшыл да, шарапатшл ел иесі, жер иесі қазақ халқына айтар алғыстары да телегей – теңіз. Осындай ақ тілектердің арқасында 1 наурыз алғыс айту күні деп белгіленсе керек.
Дәл осындай іс – шара біздің білім алып жатқан мектебімізде де атап өтілді. Онда мектебіміздің директоры Кенжебаева Тұмар Сәдібайқызы ұстаздар мен оқушыларды құттықтай отырып өз рахметін жеткізді. Мектебіміздегі 5 – 6 сынып оқушылары ұстаздарына, алтын ұя мектебіне деген алғыстарын бимен жеткізді және ата – анаға, отанға, туыс бауырға деген рахметтерін жыр шумақтары арқылы жеткізді. Ал бастауыш сынып оқушыларына сынып жетекшілері тәрбие сағаттарын жүргізді.
6 наурыз күні мектебімізде 1-10 сынып оқушылары арасында Аналар күніне орай мерекелік кеш өткізді.
Осынау көркем мерекенің қай кезде де орыны ерекше. Аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Мерекелік кеште мектеп директоры Т.С.Кенжебаева сөз сөйлеп, ата-аналармен ұстаздарды мерекесімен құтықтады. Оқушылар мереке кешенінде өздерінің жүрекжарды тілектерін арнап,мерекелік әндер шырқалып,тәрбиелік мәні бар көріністерін ұсынды.
«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай 5 – 9 сыныптардан 1 оқушы қыз бен оның анасының қатысуымен «Өнерлі қыз, өнегелі ана» тақырыбындағы 5 кезеңнен тұратын байқау ұйымдастырылды. Сайыс сонында мектеп директоры Т.С.Кенжебаева қатысушыларды марапаттады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске» байланысты кездесулер өтті.
Мақсаты: Отбасындағы бала тәрбиесі туралы аналардың пікірін білу, талқыға салу.
Оқушылармен мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында жиналыс өткізіп, жемқорлыққа арналған заңның орындалуын қадағалау туралы айтып өтті.
«Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында дебат, «Заң талабы заман талабы» атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
«Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылып,10-11 сыныптар арасында ой толғау (эссе) жазылды.
Ата-аналардан сауалнама алынып, қорытындысы шығарылды. Нәтижесінде, сауалнамаға 58 ата-ана қатысып, ой бөлісті.
Тақырыбы: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел
Мақсаты:Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Коммуникативтік – оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымдық қасиетін дамыта оқыту. Қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
2020 жылы 16 ақпан күні «Қыз Жібек» қыздар клубының ұйымдастыруымен
«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты дөңгелек үстел өтті. Оған 5-7-сынып қыздары қатысты. Дөңгелек үстел аясында оқушылар қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу туралы үйренді. «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Ардақ Бақытбекқызы оқушыларға «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты ақыл кеңес беріп, баяндама баяндама оқыды.
2020 жылы 12 ақпан күні мерзімді басылымдар залында «Жастар, жат қылықтардан аулақ болайық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жастар арасында өткізілген дөңгелек үстелде жастардың қазіргі қоғамда өршіп тұрған мәселелері мен жастар арасында болып жатқан құқық бұзушылық, суицид, діни экстремизімге қарсы т. б. жастарды жат қылықтардан алшақтатудың жолдары ұсынылып, пікір алмастырып, жастар өз ойларын ортаға салды. Дөңгелек үстелде мектеп оқытушыларымен сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі қатысты.
Мақсаты: Оқушының дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту арқылы оқу мен тәрбие жұмысысында жаңашыл іс-әрекетпен шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
Адамгершілік, патриоттық, тәрбиеберу барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтарын мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді. Оқушылар мен мұғалім, ата-аналар арасында мектепте құқықтық жалпы білім беру жұмысы жүргізілді.
Мектептің, ата –аналардың және жергілікті қоғамдастықтың бірлескен қызметін жоспарлап, ата – аналар мен жергілікті қоғамдастықты оқу сапасын, баланың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ата –аналарға педагогикалық лекторий 1 - 4 сыныптар «Балауса» тобына бастауыш сыныптардың мұғалімдері тарапынан «Мәңгілік ел: бір ел, бір тағдыр», «Менің жанұям», «Байлықтың атасы еңбек» атты тақырыптарында лекциялар оқылды.
«Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында мектеп оқушылары «Жанұя –шағын ұжым» атты баяндамаларын оқыды, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиен ің міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.
Абай атындағы орта мектебінде «Ұлы мұра ұлағаты» /Сәбит Мұханов 120 жыл/ атты әдеби кештің ұйымдастырушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңбірлестігі. Алаш аспанындағы жарық жұлдыздардың бірі, дарабоз ақын, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы ғалым Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Алаштың Сәкені» атты 5-9 сыныптар арасында өткен мектепішілік көркем сөз байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Жас ұрпақтың бойына кітап оқуға деген қызығушылыған арттырып, сөздік қорын молайту.
Салауатты өмір салтын сақтау, ол – әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді өткізу,денсаулықты сақтау және оны нығайту.
Сондықтан болар, «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деп бекер айтылмаған. Олай болса, еліміздің болашағы – жас ұрпақ! Жас ұрпақтың дені сау, білімді болса, болашағымыз жарқын болмақ!
Салауатты өмір салтын сақтауда біздің балабақшамызда да дене шынықтыру оқу қызметі ұйымдастырылып, мемлектеттік стандартқа сай балаларды жас ерекшеліктеріне қарай өткізіледі.
Тек қана оқу қызметімен шектелмей, әр ай сайын оқушыларға сауықтыру шаралары және спорттық сайыстар өткізіліп отырады. Оқушыларды спортқа деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде.
Сарысу ауданының әкімі тарапынан бекітілген «Қош келдің, әз Наурыз» мерекесі аясында өткізілетін атаулы күндердің тақырыптық іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 1 наурызы «Алас күні» аясында.
«Сарысу саялы мекенім» атты жалпы халықтық сенбіліктің жоспарлануына орай Абай атындағы орта мектебінде 2020 жылдың 1 наурыз күні сағат 1000-ден бастап сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікте мектептің ауласы мен көшесіне тазалық жұмыстары жүргізіліп, арықтары тазартылды және қара талдар мен жеміс талдар ақталып, түптеріне қопсыту жұмыстары жүргізілді.
Мектептің отжағатын жылу қазандығы ғимаратының алдына 10 түп жеміс тал отырғызылса, алма бағындағы бос жерге қара талдар отырғызылды.
Мақсаты: Коронаверус жұқпасының бүгінгі таңда басқа мемлекеттерде тіркелуіне байланысты қалыптасқан эпидемиялық жағдайды алдын алу.
Абай атындағы орта мектебінде Коронаверусты инфекцияның пайда болуы және таралуына жол бермеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында бірыңғай сынақ хаттар алынды.
Бірыңғай сынақ хатқа – 150 оқушы қатысты. Сонымен қатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мектеп медбикесі Қ.Әлімхан оқушыларға жеке бас гигиенасы туралы айтып өтті. Онда оқушылар мектепте үнемі маскамен жүру, қолды сабындап жуу, қайнаған суды өздерімен бірге алып жүру керектігі ескертілді.
Елімізде ғана емес әлем бойынша белең алған коронавирус дертіне байланысты карантин жарияланғаннан бері оқушылар 6 сәуірден бастап мектептерде жаңа оқу тоқсаны басталды. Балаларды 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін оқушыларды онлайн режімінде сабақтар берілуде. Мектеп әкімшілігі 4 тоқсанға арналған сабақ кестесін дайындап, сынып жетекшілер оқушылар мен ата-аналарға онлайн режімінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ осынау қауіпті дерттің алдын алу мақсатында мемлекетімізде төтенше жағдай жарияланып, халықты осы ауыр кезеңнен аман-есен алып шығудың бірнеше жолдары қаралып жатқаны көңіл қуантады.
Мәселен, оқушылар үшін карантин болғанымен білім алу тоқталып қалған жоқ. Олар арнайы құрылған онлайн сабақтар бойынша өздерінің оқуларын жалғастыруда.
Сәуірдің 6-шы жұлдызынан бері оқушылар еліміздің «Балапан» және «Ел арна» телеканалдарының көмегімен білім алуға кіріскен. Қазақ тілінде оқитын оқушылар күнде таңертең 9:00-ден «Балапан» телеарнасының алдына жайғасып, телеканалда көрсетілген сабақтан өздеріне керектілерін дәптерлеріне түртіп алып отырады.
Телеканалдағы сабақ біткеннен кейін оларға ұстаздары ватсаб желісі бойынша әр пәннен тапсырмалар беруді бастайды. Олар үйден шықпай осы тапсырмаларды орындап, оны фотоға түсіріп, мұғалімдеріне жібереді. Сонымен қатар аудио жазба арқылы берілген тапсырманы ауызша орындауға кіріседі.
Бұл оқыту жүйесі көптеген оқушылардың көңілінен шыққаны да байқалады.
13.04.2020ж Абай атындағы орта мектебінің оқушылары Республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» онлайн байқауына 6-8 сыныптар арасында бірнеше оқушылар қатысты.
Қатысушылар «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген бірнеше бейнероликтер жолданды.
Біз біргеміз челленджі "Қазақ жері - небір нәубет заманның куәсі, "мың өліп, мың тірілген" халықтың панасы, дархан көңіл мен жомарт мінездің қайнары, ерлік пен елдіктің Отаны. Туған жер, туған елге деген махаббат бабаларымызды атқа қондырып, майданға аттандырса, бізді үйде ұстап, көптен оқшауландырды. Туған-туыс, ағайын-жекжат, дос-жаранды коронавирус індетінен сақтау үшін біз үйде отырмыз, бірақ біз қашан да сіздермен біргеміз!", - деп өлең шумақтар мен тақпақтарын айтып, фейсбук парақшаларына салынды .
2020 жылдың 14 сәуір күні Абай атындағы орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары арасынды «Едіге батыр» жырын мәнерлеп оқу челленджі ұйымдастырылды.
2020 жылдың 25 сәуір күні “Абай атындағы орта мектебінің” 9 сынып оқушылары #Абай175 челленджді ұйымдастырып, метептің 10-11 сынып оқушыларына жолдады.
Мектепте басқа пәндермен қатар дене шынықтыру сабағынан да жүйелі білім мен тәрбие беріліп балалардың дені сау болып өсуіне ерекше көңіл бөлінуде. Онда аптасында дене шынықтыру пәніне бөлінетін 3 сағаттық сабақтан басқа, сабақ үстіндегі және үй тапсырмасын орындау кезіндегі сергіту сәттерін онлайн желісі арқылы оқушылар бірнеше жаттығулар жасап, фейсбук парақшаларына жүктелді.
Абай атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымының «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық мұралар мен мәдениетті, отансүйгіштік рухты қастерлеуге бағытталған патриоттық қойлымдары онлайн желісі арқылы фейсбук парақшаларына жүктелді.
Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында онлайн желісі арқылы қашықтықтан 1-11 сыныптар аралығында бірыңға «Бірлік пен келсім» тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.
Әрі қарай, мектеп ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, барша қазақ халқын құттықтап, алғыстарын айтты.
Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Мен батырдың ұрпағымын» атты онлайн желісі арқылы видероликтер көрсетіліп, сынып жетекшілері 1-11 сыныптарға қашықтықтан «Ер есімі - ел есінде» тәрбие сағаттарын өткізді. Қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мен атамен мақтанамын» тақырыбында қашықтықтан шығарма жазып, байқауларға қатыстырылды.
«Ұлы Жеңіске 75 жыл» мерекесіне орай 1-4 сынып оқушылары арасында «Желбіре Жеңіс жалауы» қашықтықтан сурет байқауы өтті.
2020 жылдың 5 мамыр күні «Конго Қырым геморрагиялық қызбасынан» сақтану мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Тусипованың ұйымдастыруымен және сынып жетекшілері бірлесе отырып, ата-аналар мен оқушыларға қашықтықтан түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында сынып жетекшілері «Кенеден қалай қорғануға болады?», «Кене несімен қауіпті?», «Кене шағып алғанда не істеу керек?», тақырыбында бейнероликтер дайындап көрсетілді.
2020 жылдың 6 мамыр күні оқушыларға қашықтықтан белгісіз су айдындарында ересектердің қадағалауынсыз шомылмауы жөнінде, ата-аналар мен оқушыларға су айдындарында шомылған жағдайда судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Даярлық сыныптарында «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, бастауыш сынып 1-4 сынып оқушыларынан «Суда жүзу білеміз бе?» тақырыбында сауалнама алынып, суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
«Суда жүзу білеміз бе?» ережесі
Абай атындағы орта мектебінің ата-аналары, ұстаздарға онлайн желісі арқылы алғыстарын білдірді. Оқушылардың осы жүйеге тез бейімделіп кетуі, әриене, мұғалім, бала арасындағы байланыстың арқасында.
Мұғалімдеріміздің күн-түн демей, балаға қашықтықтан қалайда білім беру керекпіз деген ынта-ниетпен өз жұмыстарына кірсіп кеткеніде байқалады. Сондықтан болар, мұғалімдер оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, оқушылар сабақты мұқият тыңдап, тапсырманы бар ынталарымен сапалы орындауға тырсып жатыр.
Осыған орай ата-аналар қауымы ұстаздарға бейнероликтер жолдап, алғыс айтт!